ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әз Наурыз Алматыны әсем әуенге бөледі

Әз Наурыз Алматыны әсем әуенге бөледі

Әлеумет 22.03.2025, 15:41 665
Әз Наурыз Алматыны әсем әуенге бөледі
Қайрат Қонысбаев
Қаламызда мерекелік концерт қалай өтіп жатыр?

Қаламызда мерекелік концерт қалай өтіп жатыр? 

Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамына орай Алматы қаласының Астана алаңында ерекше концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда. Бұл күнгі мереке қазақтың ұлттық дәстүрі мен өнерінің нағыз тоғысқан сәті болды. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі, барша жұртшылық мерекелік көңіл-күймен алаңға жиналған. Алаңда мерекенің сәнін ашқан қазақтың ұлттық киімдері болды. Көрермендердің  барлығы дерлік ою-өрнекті шапан, камзол киініп, ұлттық нақыштағы әшекейлер тағып мерекенің шырайын арттырды.

Концерт барысында көрермендер қазақ өнерінің әртүрлі жанрын тамашалады. Ән мен күй, заманауи және дәстүрлі музыканың үйлесімі мерекенің мәнін аша түсті. Халықтың ерекше ықыласына бөленген “Алау” тобының орындауындағы әсем әндер көрермендерді бір серпілтіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. “Алатау” театрының өнерпаздары ұлттық нақыштағы сахналық қойылымдарымен көрермендерді тәнті етті, “Үш қоңыр” тобы халық әндерін нақышына келтіре орындап, ұлттық рухты асқақтатты. Ал қазақ этно-рок жанрында өзіндік қолтаңбасы бар “Ұлытау” тобы күйлерді заманауи өңдеумен орындап, тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды.

Концерттік бағдарламаның куәгері болған Алматылық қонақтар, ерлі-зайыпты Жалғас Толқынбаев пен Мадина Махатова да өз әсерлерімен бөлісті:

— “Бұрын Алматыға келгенде концерттерге жиі бара бермейтін едік, бүгін сәті түсіп, Наурыздың ерекше концертін тамашаладық. Қазақтың дәстүрлі өнерін, әні мен күйін осылай дәріптегені қуантады. Өте керемет әсер алдық! Барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!” — деп өз қуаныштарын жеткізді.

Осындай әсерлі концерттер халықтың рухын көтеріп, ұлттық мәдениеттің ұлықталуына ықпал ететіні сөзсіз. Мерекелік кеш Алматы тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,316 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.