Қазіргі қазақ киносында тұшымды дүниелер қатары артып келеді. Соның бірі ретіндережиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» атты дебюттік туындысын атауға болады. Авторлық бағыттағы бұл картина Францияда жоғары бағаланып, халықаралық деңгейде мойындалды.
Фильм Нант қаласында өткен Festival des 3 Continents халықаралық кинофестивалінде бірден екі жүлдеге ие болып, кәсіби қазылар алқасы мен көрермендер ықыласына бөленді. «Әбіл» бүгіндеФранцияның 60-тан астам қаласында көрсетіліп, қалың көрермен тарапынан жылы қабылдануда. Қазақ даласының болмысын бейнелегенфильмнің табыс сыры неде?
Фильм оқиғасы Кеңес Одағы ыдыраған кезеңдегіқазақ даласында өрбиді. Жекешелендіру мен жемқорлық жайлаған күрделі тарихи кезеңқарапайым шопанның тағдырын әділдік пен ар-намыс жолындағы күреске айналдырады. Бірадамның өмір жолы арқылы тұтас бір буынныңдрамасын көрсету – картинаның басты көркемдікерекшелігі. Продюсерлер туынды табысын еңалдымен мықты драматургиясыменбайланыстырады. Шынайылық, тереңпсихологиялық иірімдер және режиссердің айқынавторлық ұстанымы француз аудиториясынатосын әрі әсерлі көрінген.
Фильмде басты рөлде ойнаған Ерлан Төлеутайбұл жоба оның шығармашылық жолындағыерекше белес екенін айтады. Оның пікірінше, «Әбіл» – тек бір адамның тағдырын емес, тұтасдәуірдің ішкі күйзелісін көрсететін туынды. «Бұлрөл мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Бізэкранда кейіпкердің жеке қасіретін ғана емес, солкезеңдегі халықтың жанайқайын жеткізугетырыстық. Шетелдік көрерменнің түсініп, жүрегімен қабылдауы – біздің еңбегіміздіңақталғаны», – дейді актер. Оның айтуынша, фильмнің шынайылығы мен табиғилығы –халықаралық аудиторияның ықыласын оятқанбасты факторлардың бірі.
Режиссер Елзат Ескендір бұл жетістікті жалпықазақ киносы үшін сирек әрі маңызды оқиға депбағалайды. Оның пікірінше, фильм арқылыеліміздің социумы, философиясы, эстетикасыжәне өнер адамдарының көзқарасы көрініс берді. Бұл – мәдениет үшін үлкен қуаныш әріжауапкершілік.
«Әбілдің» халықаралық табысы осы жолғыфестивальмен ғана шектелмейді. Өткен жылыфильм Везуль қаласында өткен VesoulInternational Film Festival of Asian Cinemasфестивалінде үш бірдей беделді жүлдеге, соныңішінде халықаралық қазылар алқасының Гран-приіне ие болды. Ал Нанттағы фестивальде бас жүлде мен көрермендер сыйлығын жеңіп алуы – кәсіби әрі халықтық мойындаудың сирекүйлесімі.
Қазақстандық режиссер Сергей Азимов туындының көркемдік және кәсіптік деңгейінерекше атап өтіп, оны отандық көрермен де көруітиіс екенін айтты. Ал француз тарихшысы ГзавьеАлез Қазақстанда жаңа режиссерлік толқынқалыптасып келе жатқанын тілге тиек етсе, кинозерттеуші Гаэль Жегу фильмніңшынайылығын жоғары бағалап, тарихи жәнемәдени контекст толық таныс болмаса да, отбасытрагедиясын терең сезінгенін жеткізді.
Франциядағы табыс еуропалықкинопродюсерлердің де назарын аударды. Қазіргітаңда режиссерге жаңа жобалар бойыншаұсыныстар түсіп, халықаралық бірлескенжұмыстардың мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл – қазақ киносының әлемдік нарыққа батыл қадамжасап жатқанын көрсетеді.
Бұл – тек бір фильмнің жетістігі емес, тұтас қазақкино өнерінің жаңа кезеңге аяқ басқанынайғақтайтын құбылыс. Терең мазмұн, шынайыдраматургия және ұлттық болмысты көркемжеткізу арқылы туынды шекара атаулыны еңсеріпотыр. Бұл табыс қазақ режиссерлерініңхалықаралық кеңістікте өз үнін анық естіртеалатынын дәлелдейді. Демек, «Әбілдің» жеңісі – ұлттық кинематографияның жарқын болашағынадеген сенімді нығайта түсері анық.
Роза Рақымқызы