AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Автоматты суару жүйесін ұйымдастыру үшін Алматыда...

Автоматты суару жүйесін ұйымдастыру үшін Алматыда 29 ұңғыма және 5 су жинағыш салынды

Әлеумет 24.11.2023, 11:30 1,733
Автоматты суару жүйесін ұйымдастыру үшін Алматыда 29 ұңғыма және 5 су жинағыш салынды
Сурет: Aлматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 500 мыңнан астам ағаш тамшылатып суарумен қамтылған.


 Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қала тұрғындары жасыл желектерге автоматты суару жүйесін ұйымдастыруды сұрады. Ерболат Досаев көгалдандыру мәселесін шешу үшін шетелдік тәжірибе мұқият зерттелгенін атап өтті. 
2023 жылы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау бойынша жаңа ережелер қабылданды. Жаңа көшеттерге қойылатын талап едәуір күшейтілді, жасыл екпелерді күту және қорғау жөніндегі нормативтер көбейді, сонымен бірге суару жүйесінің болуы көзделген.



«Абай даңғылының бойында автоматты суару жүйесі қарастырылған. Бүгінде көгалдарды қалпына келтіру жобасы әзірленіп жатыр. Бұған қажетті желілер бар», - деді Ерболат Досаев. 



Суару жүйесін ұйымдастыру үшін мегаполисте 29 ұңғыма және 5 су жинағыш салынды. Жасыл қорды сақтау мақсатында Алматыда 2,3 млн жасыл желекті түрлі зиянкестерге биоөңдеу жүргізілуде. 2025 жылға дейін 1,2 млн көшет отырғызу жоспарға енген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автоматты суару #ұңғыма #су жинағыш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);