ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Автокөлік өтетін транзиттік жолдардың әлеуеті артп...

Автокөлік өтетін транзиттік жолдардың әлеуеті артпақ

Әлеумет 17.03.2025, 17:20 792
Автокөлік өтетін транзиттік жолдардың әлеуеті артпақ
Аlmaty.tv
Алдағы уақытта Қазақстанның көлік-әлеуметтік әлеуетін дамыту мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырыс өтпек

Алдағы уақытта Қазақстанның көлік-әлеуметтік әлеуетін дамыту мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырыс өтпек

ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА академигі Бағдат Телтаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысы туралы пікір білдіріп, Мемлекет басшысының елдің көлік-транзиттік әлеуетін көтеру арқылы экономиканы дамытуға болады деген ұсынысын қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы «Әр елдің дамуының негізі экономика болса, сол экономиканың негізі – салық» дегенді айтты. Яғни, елімізде қазіргі кезде салық жүйесіндегі өзгерістер енгізу мәселесін көтерді. Мұны халық жақсы түсініп отыр, сондықтан алдағы уақытта халыққа да, экономиканың дамуына да оңтайлы шешім қабылдаймыз деп ойлаймын.

Президент өз сөзінде инфрақұрылым мәселесіне де тоқталып өтті. Екі ай бұрын, яғни биылғы 28 қаңтарда Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңестілген отырысында үлкен тапсырмалар берді. Соның ішінде инфрақұрылым мен көлік логистика саласына көп көңіл бөлуді атап өткен болатын. Бұл жолы да Президент Қазақстан үшін 4 ірі саланы нысанаға алып, соны ел болашағы үшін дамыту туралы айтты. Соның ішінде көлік тасымалына назар аударды. Осыған қатысты айтар болсақ, алдағы уақытта 9 автокөлік бекетін жаңарту жоспарланып отыр. Соның негізінде автокөлік өтетін транзиттік жолдардың әлеуеті артпақ», - деді Бағдат Телтаев.

Жалпы, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «әлемдік саудада көлік-логистика мәселесі бірінші орынды алып тұр» деп айтқан болатын. Академиктің айтуынша, Еуразия құрлығында оңтайлы орналасқан Қазақстан үшін мұны тіпті «алтын балық» деуге де болады. Сондықтан біз осы артықшылығымызды ел игілігі үшін дұрыс пайдалана білуіміз керек. Яғни, бюджетті тек мұнай, металл сатып толтырып отырмай, өзіміздің көліктік дәліздерімізді сапалы етіп салып, күтіп-баптап, өзге елдердің көліктерін өткізу арқылы пайда тауып, ел экономикасын әлдеқайда көтеріп алу мүмкіндігі барын Мемлекте басшысы жақсы түсініп отыр. Оны басқа мамандар да, халық та жақсы түсініп келе жатыр.  

«Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қазақстанның көлік-әлеуметтік әлеуетін дамыту мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы мәжілісін арнаймын» деген еді және алдын ала мамыр айындда болады деген ұсыныс тастады. Егемен Қазақстан тарихында мұндай маңызды жайт, яғни экономиканың бір саласын жария түрде Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысында талқылау бұрын-соңды болмаған. Сондықтан бұл да еліміз үшін көлік транзиті әлеуетінің өте маңызды екенін білдірсе керек. Сондықтан осы мәселені біз де терең әрі жан-жақсы зерттеп, өз ұсыныстарымызды, ақыл-кеңесімізді беруіміз керек.

Мәселен, Президент жанындағы ҚР ҰҒА көлік секциясы қазір ұсыныс дайындап жатыр. Алда өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелерге көңіл бөлген абзал. Біз де өз тарапымыздан қандай шешімдер Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін арттырады және елімізге пайдалы болады деген мақсатпен тиісті ұсыныстар дайындар жатырмыз», - деді Б. Телтаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,319 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.