AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Автобус балалар емханасының қоршауын бұзып, бір әй...

Автобус балалар емханасының қоршауын бұзып, бір әйелді басып кете жаздады

Оқиға 11.08.2022, 15:26 1,062 Almaty-akshamy
Автобус балалар емханасының қоршауын бұзып, бір әйелді басып кете жаздады
Сурет: скрин

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды


Бүгін Қарағанды қаласының Пришахтинск ауданында қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус балалар емханасының қоршауын бұзып өтіп, жаяу кетіп бара жатқан әйелді басып кете жаздаған, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«11 тамыз күні сағат 9:00-де Қарағандыда 23-ықшам ауданнан 22-ықшам аудан жаққа қарай келе жатқан жеңіл автокөліктің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус медициналық мекеменің қоршауын бұзып өтті. Бұл көлік құралының салонында үш жолаушы болған. Олардың бірінің қолы жарақаттанды, оған медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.



Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқанын көруге болады. Алдын ала мәліметтер бойынша жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.


Сондай-ақ, видеодан оқиға болғанға дейін бірнеше секунд бұрын балалар емханасының аумағында бір әйелдің өтіп бара жатқанын көруге болады. Оны автобус қағып кетуі мүмкін еді. Әйел аман.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.














Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)






Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #қарағанды #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);