AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Австралиялық ғалымдар паркинсонға шалдыққан науқас...

Австралиялық ғалымдар паркинсонға шалдыққан науқастар үшін жаңа қосымша ойлап тапты

Медицина 14.09.2023, 08:40 1,494
Австралиялық ғалымдар паркинсонға шалдыққан науқастар үшін жаңа қосымша ойлап тапты
Сурет: Evercare.ru

«Wallking tall» деп аталатын жоба ем қабылдаушының қимыл-қозғалысын арттырып, жүрісін ширақ етуге мүмкіндік береді.


Әлемде паркинсонға шалдыққан адамдардың саны 10 млн-ға жуықтайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 24.kz мәліметтеріне жүгінсек, жер жүзін жайлаған дерт егде жастағыларды ғана емес, жеткіншектерді де өзінің құрбаны ете бастады.


Мартин Островский 7 жылдан бері паркинсонмен күресіп келеді. Асқынған ауру салдарынан соңғы уақытта жүріп-тұруы бәсеңдей түскен.



«Әр күн сайын өзіме қайта жүріп-тұруды үйретемін. Дәрі ағзаға әсер еткенде ғана көшеде дені дұрыс адам ретінде көрінуім мүмкін. Өзгелер айырмашылықты мүлдем байқамас та еді. Ал басқа кезде жағдай тіпті бөлек, әрең қозғаламын. Бағдарламаны қолданғалы жағдайым сәл жақсарған сыңайлы», - деді емделуші Мартин Островкий.



Австралияда 200 мыңнан астам науқаста паркинсон тіркелген. Ал тәулігіне 38 адамда дәл осы дертке диагноз қойылады. Пациенттердің күн санап артуы австралиялық ғалымдарды бей-жай қалдырмады. Оңтүстік Уэлльс университетінің неврологы Мэтью Броди науқастардың жүру қабілетін жақсартуға көмекші бағдарлама ойлап тапты.



«Бағдарламаның ең негізгі функциясы – метрономның ритмін қалыптастырады. Метроном қозғалыс пен жүрісті дауыстап айтып тұратын құрал. Ол нейрондарды белсенді етіп, жүру қабілетін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ғалым Мэтью Броди.



Қосымшаны қолданушылар жүру уақыты мен қарқынын белгілеп барып, қозғалысқа кіріседі. Олар осы күні апталық жаттығудың 150 минутын белсенді орындап, жобаның игілігін сезінуде. Жетісіне екі шақырым ғана серуендейтін Островский қосымшаны қолданғалы 30 километрді бағындырып үлгерген.


Қосымша инсульт, тізе-жамбас жарақатын алған науқастардың да кәдесіне жарайды. Тамыз айында іске қосылғалы бері 10 мыңға жуық пайдаланушы тіркеліп үлгерген. Ал қолдану ақысыз әрі әлем бойынша қолжетімді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Wallking tall #қосымша #паркинсон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);