AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Авиажанармайды делдалсыз жеткізу механизмі іске қо...

Авиажанармайды делдалсыз жеткізу механизмі іске қосылады - ИИДМ

Әлеумет 25.08.2022, 12:13 1,287 Almaty-akshamy
Авиажанармайды делдалсыз жеткізу механизмі іске қосылады - ИИДМ
сурет: Inbusiness.kz

Түйткілді мәселені оңтайлы шешу 


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігі күзгі авиажанармай дефицитінің алдын алу шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жыл сайын отандық азаматтық авиация саласы мұнай өңдеу зауыттарында жүргізілетін маусымдық жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты және осыған орай авиацияға арналған жанар-жағармай өндіруді уақытша шектеуге байланысты авиакеросин тапшылығына тап болады.
Түйткілді мәселені оңтайлы шешу мақсатында былтырғы жылдың соңына қарай ҚР ИИДМ Энергетика министрлігімен бірлесіп арнайы жиын өткізді. Басқосуға ірі авиажанармай жеткізушілер, отандық әуекомпаниялар мен әуежайлар басшылары, ҚТЖ және ҚМГ сынды іргелі ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Нәтижесінде тараптар жанармай жеткізудегі мәселелерді назарға алып, өзара келісімге келді. Атап айтқанда, ең біріншіден, авиажанармай жолаушылар тасымалымен айналысатын отандық авиакомпанияларға жеткізілуі тиіс. Содан кейін ғана шетелдік әуе компаниялары мен жүк тасымалдаушыларға берілуі қажет.
Жанармайды бұлай жеткізу схемасы мұнай өнімдері ресурсын сақтаушылар үшін міндетті болып табылмайды. Бұл тәсіл ішкі және халықаралық жолаушылар тасымалын үзіліссіз орындауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі уақытта ынталы екі министрлік авиажанармайды делдалдарсыз жеткізуді шектеу мақсатындағы қосымша шараларды пысықтауда. Оның ішінде:
- авиажанармайды тауар биржалары арқылы жеткізуді 100 пайызға жеткізу (бұл тәсіл азаматтық авиация субъектілеріне арналған жанармайды ресурс сақтаушыларынан тікелей жеткізу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді);
- «ҚазМұнайГаз-Аэро» арқылы біріктірілген импорттық жанармай сатып алу (кепілдендірілген көлемдегі жанармай мен импорттық авиажанармайдың едәуір көлемі есебінен жанармай бағасын төмендету мақсатында).
Жалпы алғанда, авиажанармай тапшылығын жою, ішкі нарықты толығымен қамту және импорттық өнімдерді азайту үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарының жылдық өнім өндіру қуаттылығын арттыру қажет екендігі белгілі. Бұл әсіресе, пандемиядан кейінгі жолаушылар тасымалының артуына орай және транзиттік ұшақтардың техникалық қонулар қарқынының өсуіне байланысты өзекті болып отыр.
Осы орайда айта кетерлігі, 2021 жылы 670 мың тонна авиажанармай жұмсалған. Ал өндірілген өнім көлемі - 580 мың тонна. 2022 жылдың алғашқы 7 айында тұтынылған авиажанармай көлемі 455 мың тоннаны құрайды. Ал өндірілген өнім мөлшері - 399 мың тонна. Болжам бойынша биыл 1 млн тонна жанармай тұтынылмақ. Ал 2022 жылы күтіліп отырған авиажанармай өндірісінің көлемі 700 мың тонна шамасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Авиажанармай #делдал #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);