AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ауыр эпилепсияға шалдыққан балалар үшін жаңа мүмкі...

Ауыр эпилепсияға шалдыққан балалар үшін жаңа мүмкіндік: Алматыда жоғары технологиялы ота жасалды

Медицина 19.05.2026, 11:03 183 yakiya
Ауыр эпилепсияға шалдыққан балалар үшін жаңа мүмкіндік: Алматыда жоғары технологиялы ота жасалды

Ауыр эпилепсияға шалдыққан балалар үшін жаңа мүмкіндік: Алматыда жоғары технологиялы ота жасалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында дәріге көнбейтін туа біткен эпилепсиясы бар 12 жастағы балаға күрделі нейрохирургиялық ота жасалды.

Балада эпилепсия ұстамасы жиі әрі ауыр өткен. Дәрілік ем нәтиже бермеген соң дәрігерлер кезбе жүйкені стимуляциялау (VNS - Vagus Nerve Stimulation) әдісіне жүгінген. Бұл - эпилепсияның ауыр түрін емдеуде қолданылатын заманауи тәсілдің бірі.

VNS тәсілі дәрі-дәрмек әсер етпейтін, яғни фармакорезистентті эпилепсия кезінде қолданылады. Сондай-ақ миға ашық ота жасауға болмайтын немесе қауіп жоғары саналатын жағдайда ұсынылады.

Ота кезінде науқастың сол жақ бұғана тұсына шағын электронды құрылғы - генератор орнатылды. Одан мойын тұсындағы кезбе жүйкеге электрод жалғанды. Құрылғы әлсіз электр импульсы арқылы мидағы патологиялық белсендікті бәсеңдетіп, эпилепсия ұстамасының жиілігі мен ауырлығын азайтуға көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, емнің нақты нәтижесі құрылғы орнатылғаннан кейін бір-екі жыл ішінде байқалады. Статистикаға сәйкес, мұндай ем алған науқастың көпшілігінде ұстама саны едәуір төмендейді.

Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жасалды. Отаға Орталықтың нейрохирургтері Ахан Рахым Айдарұлы мен Алтай Анарбай Әбдіқайымұлы қатысты.

Бүгінде Орталықта балаларға көрсетілетін мамандандырылған көмектің мүмкіндігін кеңейтіп, жоғары технологиялы емдеу тәсілдерін енгізу жұмысы жалғасып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#эпилепсия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Кеше 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Кеше 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Кеше 15:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);