AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылының тұрғынын құтқарып қалған әкім марапатталд...

Ауылының тұрғынын құтқарып қалған әкім марапатталды

Әлеумет 10.06.2022, 15:00 1,148
Ауылының тұрғынын құтқарып қалған әкім марапатталды
Cурет: Baq.kz

Адам өмірі — еліміздің басты құндылығы, сондықтан мен бұл қадамға ойланбастан бардым


Ақтөбе облысында ауылының тұрғынын өлімнен құтқарып қалған округ әкімі марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Руслан Байсағызов — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округінің әкімі. Ол 1 маусым күні ауылындағы 50 метрлік мұнараға шығып, өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды өлімнен арашалап қалған.


Негізі оқиға былай болған: ауыл тұрғыны өз-өзіне қол жұмсамақ болып, ауылындағы биік мұнараға шығады. Оны көрген әлгі азаматтың туыстары мен ауыл тұрғындары у-шу болып, сабырға шығарады. Бірақ өлімге «асыққан» әлгі кісі олардың сөзіне көнбейді, тіпті, төтенше қызметтің қызметкерлері де көмектесе алмайды. Сол сәтте округ әкімі оқиға орнына барып, ауыл тұрғынымен екі сағат бойы келіссөз жүргізіп, ақыры оны өлімнен құтқарып қалады.


Ауылының тұрғынын құтқарып қалған округ әкімін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев марапаттап, оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбаевтың арнайы Алғыс хатын табыстады.



«Русланның бұл «ерлігін» қазір барша мәртөктіктер айтып жүр. Біз де осындай мемлекеттік қызметшілеріміздің барын мақтан етеміз. Русланға қызметінде сәттілік тілейміз», — дейді департамент басшысы. 



Ал округ әкімінің айтуынша, өзіне қол жұмсамақ болған кісі басқа біреуден қаражатын ала алмай жүрген. Сол себепті өзіне назар аудартпақшы болыпты.



«Оқиға орнына шұғыл түрде жеттім. Алайда келіссөз ұзақ уақытқа созылды. Нәтижесінде өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынға моральдық қолдау көрсетіп, құзырлы мамандармен бірлесіп төменге түсіріп алдық. Адам өмірі — еліміздің басты құндылығы, сондықтан мен бұл қадамға ойланбастан бардым. Әрі мемлекеттік қызметші ретінде ауылымның адамдарына қолдау көрсету, көмек беру — менің парызым», — дейді Руслан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім #құтқару #адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);