конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылдарға бір мың дәрігер жетіспейді

Ауылдарға бір мың дәрігер жетіспейді

Әлеумет 09.09.2022, 07:51 1,308
Ауылдарға бір мың дәрігер жетіспейді
Сурет: Bestbabyclub.ru

Ауылда кадрларды бекіту - маңызды мәселе.


Биыл ауылдық елді мекендерге медициналық білімі бар 797 түлек жіберілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Денсаулық сақтау саласын реформалау жылдарында ауылдарда ауруханалар жабылып, кереуеттер қысқарды. Соған байланысты ауылдарда медицина мамандарының саны азая бастады. Бүгінде ауылда кадр тапшылығы сақталуда. Осы жылдың басында ол шамамен 1 мың маманды құрады. Сонымен қатар ауылдық жерлерде профилактика, аурудың алдын алу, динамикалық бақылау сапасы төмен, созылмалы аурулары бар пациенттерге консультациялық-диагностикалық қызметтер, дәрі-дәрмек қолжетімділігі аз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның атап өтуінше, бұл халық денсаулығының кейбір көрсеткіштеріне теріс әсер етеді. Осы проблеманы ескере отырып, ауылдық медицина бойынша өңірлік әкімдіктермен жұмыс жүргізіліп жатыр.



«Ауылға медицина кадрларын тарту мәселелері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен медициналық мамандықтарда білім алған жастар үш жыл міндетті жұмыс мерзімін өтейді. Бұл норма «Білім туралы» заңға 2012 жылы енгізілген. Ауылда жұмысқа орналасқан медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында республикалық бюджеттен 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы және 1 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде баспаналы болуға жәрдемақы көзделген. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен елді мекендердегі мамандарды ынталандыру мақсатында әр дәрігерге 1-2 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Атап айтқанда, Қостанай облысы әкімдігімен 5 миллион, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен 3 миллион теңгеге дейін көтерме төлемдер төленеді. Нәтижесінде 2020-2021 жылдары ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына 1 322 түлек жұмысқа орналасты. Ол жұмысқа тартылғандардың 94 пайызын құрайды. Бұл министрліктің әкімдіктермен бірлескен жұмысының көрсеткіші саналады. Биыл ауылдық елді мекендерге медициналық білімі бар 797 түлек жолданды. Бұл жерде ауылда кадрларды бекіту маңызды мәселе. Сондықтан медициналық кадр тапшылығын төмендету мақсатында жергілікті әкімдіктер кадрларды тарту және әлеуметтік қолдау жұмыстарын күшейтіп, жалғастыру қажет», - деді Ажар Ғиният.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#врач #ауыл #Қазақстан #Кадр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);