AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылдарда медпункт салуға 40 млрд теңге жұмсалады

Ауылдарда медпункт салуға 40 млрд теңге жұмсалады

Әлеумет 30.05.2024, 11:20 1,225
Ауылдарда медпункт салуға 40 млрд теңге жұмсалады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Үкімет «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Қазақстан ауылдарындағы медициналық мекемелерді салу және жөндеу үшін резервтен 39,9 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық жоба 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салуды және орталық аудандық ауруханаларды жаңғыртуды көздейді. Құжаттама дайын болған ауылдық елді мекендерде 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға 40 млрд теңге жұмсалады. Оларға медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар жатады.

Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі мына ауруханаларды жөндеуге жұмсалады:

Арқалық өңірлік ауруханасы перзентханасының ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға; 

Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының екі блогын күрделі жөндеуге;

Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас ғимаратын күрделі жөндеуге; 

Балқаш қаласының Орталық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға;

Балқаш қаласының Көпсалалы ауруханасының ангиографиялық ота жасайтын бас корпусына қосымша ғимарат салуға және ангиографиялық қондырғыны орналастыруға;

Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қосымша блокты жапсарлас сала отырып, күрделі жөндеуге және сол жерде 30 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына аударылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #ауыл #медпункт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);