ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Жолдау 2023 / Ауылдағы ағайынға алаңдаймын

Ауылдағы ағайынға алаңдаймын

Жолдау 2023 15.09.2022, 05:39 1,150
Ауылдағы ағайынға алаңдаймын
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Тұрарбек ТӨЛЕНДИЕВ, Қазақстан Республикасы­ның еңбек сіңірген дәрігері:

Тұрарбек ТӨЛЕНДИЕВ, Қазақстан Республикасы­ның еңбек сіңірген дәрігері:


Қандай мемлекет болсын, оның халқының денсаулығы да сол елдің экономикалық-әлеуметтік дамуының көрсеткіші болады. Ендеше, «Бірінші байлық – денсаулық» деген сөз бекер айтылмаса керек.


Бізде кейінгі жылдары медицина саласында қаншама ірі реформалар жасалды. Мысалы, денсаулық сақтау кодексі, әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы қабылданды. Бірақ оңды бір өзгеріс бола қойған жоқ. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі Жолдауында осы денсаулық саласының қаржыландырылуын сынға алғаны бекер емес.


Енді ерікті медициналық қамсыздандыру жүйесі енгізілуі мүмкін. Шын ойымды айтар болсам, бұл жүйе айтарлықтай бір өзгеріс жасай қояды дей алмаймын. Халықтың жағдайы мәз емес. Медицинада, әсіресе, маман кадрлар даярлауда сапа төмен. Қазіргі күні жүрдім-бардым оқып шыққандар жетерлік. Аурудың емін тауып, жазу былай тұрсын, жылы қабақ танытпайтын дәрігерлер де күнделікті өмірде кездесіп жатады. Біз дәрігерлерді даярлауда олардың сауатты, білікті маман болып шығуына аса көңіл бөлуіміз керек. Сан емес, сапа қажет. Себебі, дәрігердің қолында адамзаттың тағдыры тұрады. Медициналық мекемелер сапалы да заманауи техникалық аспаптармен қамтамасыз етілуі де маңызды. Науқастарды ары-бері сандалтуды қою керек. Шалғай елдімекендерде ауруы асқынған, бірақ қалаға жетуге қаражаты жоқ ағайын қаншама! Тісі түскен, онкологиялық және тағы басқа да ауыр сырқатқа шалдыққан  ел-жұрттың жайы мені де алаңдатады. Ауыл халқының денсаулығына аса көңіл бөлуді Президент өте дұрыс айтты. Мемлекет басшысы әр ауданда клиникалық ауруханалар салып, жабдықтауды, оларды білікті мамандармен қамтамасыз етуді тез арада  қолға алуды тапсыруы өте құптарлық. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады деді. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбеймек. Бұл қадамдар денсаулық саласына жаңа леп әкеледі деп сенгім келеді.


«Ұлттық қор – балаларға» атты мүлдем жаңа бағдарлама ашылады деді. Елең еттім. Аты, заты өзгеше екен. Одан да жақсылық күтемін. Себебі, Жаңа Қазақстанды жасайтын сол ұрпақ.


Қазіргі күні бағаның өсуі, азық-түліктің тапшылығы, жемқорлық, ішкі, сыртқы саясаттағы беймаза ахуал көптің көңіліне алаң туғызып жүргені жасырын емес. Президентіміздің «елімізге болсын» деген адал ниетіне, жасампаз қадамдарына кедергі келтіріп, күйе жаққысы келетін кейбір топтардың әрекеттерін ақымақтық деп ойлаймын. Қаншама жұмыс істеліп жатса да, көргіміз келмейді. Мемлекет басшысы ешқашан мәңгілік Президент болмайтынын баса айтып, жеті жыл мерзімге ғана сайланғанын дұрыс деді. Келісемін. Мемлекет басында отырған кім-кім де жеті жыл ішінде елге лайықты Президент, яғни ізбасарын тәрбиелеп, дайындап, халыққа ұсынатын да шығар. Оны алдағы уақытта көре жатармыз. Ал қазір Жолдауда айтылған қадау-қадау тапсырмалардың жүзеге асуына жалғыз Президент емес, біз де, халық, қоғам болып атсалысуымыз керек деп ойлаймын. Іске сәттілік тілеймін, ел аман, жұрт тыныш болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.