AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін мамандардың жал...

Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін мамандардың жалақысы өзгеріп отыратын болды

Әлеумет 27.01.2022, 06:44 1,456
Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін мамандардың жалақысы өзгеріп отыратын болды
Сурет: Vsednr.ru

Бұл өзгертулер инфляцияға байланысты болады.


Қазақстан Үкіметі Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс берушілерді инфляцияның деңгейін ескере отырып, жалақыны жыл сайын индекстеуге міндеттеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі салалық келісімге «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігімен және АӨК-дегі жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) 2021-2023 жылдарға арналған қосымша келісім жасасты.



«Қосымша келісім шеңберінде жұмыс беруші инфляция деңгейін ескере отырып, жыл сайын жалақыны индекстеуді жүргізуге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен қызметкерінің айлық мөлшерлемесінің (жалақысының) ең төменгі мөлшерін арттыру коэффициентімен белгілеуге міндеттеледі», - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге жұмыс беруші кәсіпорын кәсіподағына еңбекақы төлеу қорынан қаражат бөлетін болады.


Осы және басқа да өзгерістер АӨК қызметкерлерін қолдауға, әділ әлеуметтік-еңбек қатынастарын орнатуға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған, сондай-ақ АӨК дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның мақсаттары мен міндеттеріне ықпал етеді. 


Естеріңізге сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ және жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасында Агроөнеркәсіптік кешендегі 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге 2021 жылғы маусымда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысында қол қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АШМ #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);