ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін қайт...

Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін қайта бөлмекші

Билік 22.05.2022, 09:30 2,365
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін қайта бөлмекші
Сурет: Baq.kz
Aуыспалы жайылымды ауыл әкімдері ұйымдастыру қажет

Aуыспалы жайылымды ауыл әкімдері ұйымдастыру қажет


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін әділ бөлудің жаңа тетігін әзірлеп жатыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Қазіргі күні осы сұрақтарды шешудің бірнеше жолы қарастырылып жатыр. Негізі бұл жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар жүйелі түрде ұйымдастыруы керек. Әр жергілікті жердің өз жүктемесі бар. Елді мекендерде мал басына жайылым жерлері жүктемесінен асқан жағдайда онда сол елді мекендерге шекарасын кеңейтіп, жайылым қосып береміз деп отырмыз. Екінші мәселе – игерілмеген 5 млн гектар жерді қайтару. Соның есебінен елді мекенге жақын жерлерді ескеріп, оларды елді мекен шекарасына қосып, бекітіп береміз. Одан кейін бір ауылда 500, 1000 қой немесе 100 жылқы ұстайтын үйлер кездеседі. Ал кейде бір ауылдың бар малын қосса 500 қой ғана шығады. Яғни, жаңағы бір ғана адам өзінің 500 қойын жайып жайылымды бірден тоздырады. Ол – әділетсіздік. Ондай азаматтарға біз «Ауылдан алысырақ жер берейік, орман қорынан болса да алыңыз, бақташы жалдауға мүмкіндігіңіз бар. Малды сол жаққа жайсаңыз елді мекен маңындағы жайылымды ауылдың адамдары түгел пайдаланар еді» деп айтып жатырмыз», - деді ол берген сұхбатында.



Алайда оның атап өтуінше, бұл да мәселенің толық шешімі емес көрінеді.



«Қазір мысалы 3 шақырым радиусқа жетіп отырған жер ертең 5, одан кейін 10 шақырым болады. Ауыспалы жайылым жоқ. Айналдыра малды жая бергеннен жайылым жер тозады. Келесі жылы осы 3 шақырым радиустағы жерде шөп шықпай қалып, тұрғындар тағы 5-10 шақырымды сұрайды. Жайылым туралы заң бар. Ол жерде нақты ауыл әкімдерінің жауапкершілігі көрсетілген. Жайылым схемасын дұрыс ұйымдастыру керек. Ата-бабаларымыздың тәжірибесіндегі көктеу, жайлау, қыстау, күздеу тәжірибелері болуы тиіс. Мұндай ауыспалы жайылымды ауыл әкімдері ұйымдастыру қажет. Ал бақылау жер инспекторларында болу керек. Ауыл әкімі дұрыс ұйымдастырмаса, онда оған ескерту беріп, одан кейін шара қолдану керек, болмаса әкімшілік айыппұл салынуы тиіс. Жалпы ауыл әкімдерінің жауапкершілігі болғанымен де бұл тетік толық жұмыс істемейді. Сондықтан қазір осы бағытта жаңа тетік әзірлеп жатырмыз», - деді Әбілхайыр Тамабек.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.