Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ауыл шаруашылығы министрі мал өлекселерін жою жұмы...

Ауыл шаруашылығы министрі мал өлекселерін жою жұмыстары мен эпизоотиялық жағдайды тексерді

Әлеумет 11.04.2024, 10:25 1,015
Ауыл шаруашылығы министрі мал өлекселерін жою жұмыстары мен эпизоотиялық жағдайды тексерді
Сурет: Gov.kz

10 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов бастаған Республикалық штабтың аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.


Сапар барысында министр су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарымен, сондай-ақ осы аудандарда егін шаруашылығымен айналысатын шаруалармен кездесті. А.Сапаров тұрғындар мен кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдап, су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы малдарының иелеріне келтірілген шығынды өтеу бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ауыл шаруашылығы минимстрлігіне сілтеме жасап. 



«Мал иелері жергілікті жердегі шығынды өтеу комиссияларына жүгініп, малдың жоғалу фактісін құжаттандыруы керек, сол арқылы өтемақы алуға болады», - деді А.Сапаров.



Министр мал өлекселерін жою жұмыстарының барысын тексеріп, жергілікті жерлерде жұмыс жүргізіп жатқан Республикалық эпизоотиялық жасақ филиалында қажетті құралдың бар-жоғына көз жеткізді. Эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында жұмысты жандандыруды тапсырды. 


Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров Республикалық ветеринариялық зертхананың Орал қаласындағы облыстық филиалында болды. Онда бұған дейін сібір жарасы көмілген жерлерден су басқан топырақ сынамалары жеткізілген.


Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстанда су тасқыны салдарынан сібір жарасының 3 көмілген орны су астында қалды. Ветеринария және медицина мамандарынан құралған арнайы жұмыс топтары осы учаскелерден топырақ үлгілерін алды. Олар Республикалық ветеринариялық зертхананың аймақтық филиалдары мен Ұлттық ветеринариялық референттік орталыққа жеткізілді. Барлық сынақтар теріс нәтиже көрсетті, яғни топырақ үлгілерінде сібір жарасының споралары анықталған жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #министр #Жұмыс сапары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.