Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлтты...

Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлттық орталығы құрылады

Әлеумет 08.09.2022, 06:53 1,176
Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлттық орталығы құрылады
Сурет: Perevozka24.ru

Өткен жылы қазақстандық мамандар 13 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығарған.


Қазақстан Үкіметі отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жасауды қолдау мақсатында арнайы орталық ашуды көздеп отыр. Бұл туралы сала мамандары арнайы өткен басқосу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР ИИДМ «Ашық сағат алаңында» ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласының бүгінгі ахуалы мен алдағы даму бағыты таразыланды. Қазақстан Автомобиль бизнесі қауымдастығы мен «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ өкілдері және отандық бірқатар кәсіпорын басшыларының қатысуымен ұйымдастырылған басқосу бейнебайланыс режимінде өтті.


Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың айтуынша, өткен жылы қазақстандық зауыттар 183 млрд теңге сомасында 13 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығарған. Бұл тараптағы өндірістің жылдық өсімі 130 пайызды құрап, 2,3 есеге артқан.


 Сонымен қатар биыл ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыруға 40 млрд теңге бөлінді. Оның 30 млрд теңгесі «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан және 10 млрд теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ капитал нарығынан тартылды. Бұдан бөлек, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» тракторлар мен комбайндарды лизингтік қаржыландыру үшін 7 млрд теңге қаражат бөлмек.



«Елімізде ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту — басымдыққа  ие мемлекеттік міндеттің бірі. Осы ретте отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жасауды қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлттық орталығы құрылатын болады. Қазіргі күнде бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Себебі, елімізде аграрлық секторда ресурстар жеткілікті және бұл өнімдерді тұтынушылар саны басым», – деп атап өтті Индустриялық даму комитетінің төрағасы.



«Ашық сағат алаңында» мамандар саладағы бірқатар түйткілді мәселені ортаға салып, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Жиын барысында көтерілген сауалдар мен ұсыныстар бойынша арнайы талдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #Қазақстан #техника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.