AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республ...

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды

Білім және ғылым 26.09.2024, 09:35 1,071 dulatbekova
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды
Сурет: Gov.kz

Кеше ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі басталды.

Олимпиадаға 113 мыңнан астам 9-11(12) сынып оқушыларының рекордтық саны тіркелді. Өткен жылға қарағанда қатысушылар саны 34 мыңға оқушыға артты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Олимпиада 13 пән бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда өткізіледі:

I кезең (мектепішілік) – 2024 жылдың қыркүйегі;
II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны;
III кезең (облыстық) – 2024 жылдың қарашасы;
IV кезең (республикалық) – 2024 жылдың желтоқсаны.

Бұл ретте өткен жылғы олимпиада жеңімпаздары биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне пәндер сәйкестігі бойынша барлық кезеңдерге қатысу шарттарын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.

Мектепегі кезеңіне тіркелу auyl.daryn.kz сайтында өтті, ал кезеңнің өзі 2024 жылдың 28 қыркүйегінде аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бұл олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді. Ол Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Осылайша, олимпиаданың бірінші жылының қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 8 есеге жуық артты.

Анықтама үшін: Олимпиада кезінде ауыл оқушылары жан-жақты қолдау тауып, алдағы зияткерлік сайыстарға дайындалу үшін «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Айта кету керек, олимпиада жеңімпаздары еліміздің жетекші оқу орындарының гранттарына ие болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл мектептері #олимпиада #пәндер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);