ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Ауыл мектебі суға кетті

Ауыл мектебі суға кетті

Білім және ғылым 31.03.2022, 13:15 1,866
Ауыл мектебі суға кетті
Сурет: Sarapshy.info
Ауыл мектебі су астында қалған. Бір қынжылтатыны, жергілікті билік бұл жағдайға байланысты шарасыздық танытқан

Ауыл мектебі су астында қалған. Бір қынжылтатыны, жергілікті билік бұл жағдайға байланысты шарасыздық танытқан


Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданына қарасты Шалғын деген шағын ғана ауыл бар. Оның барын бірі білсе, бірі біле бермес. 1988 жылы бой көтерген мектеп содан бері күрделі жөндеу көрмеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz sarapshy.info сайтына сілтеме жасап.


Мектеп әкімшілігі оқушылардың білім алуына барынша жағдай жасап, өз жыртықтарын өздері жамап келген. Ауыл боп жаңа корпусты да өздері жалғап салып алған. Аудан тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеген. 


Қазіргі жағдайы өте мүшкіл. 2022 жылдың 28 наурызы күні қырдан келген қызыл су мектептің жалғанған бөлігін түгелдей дерлік жалмап кетті. Кітаптар мен құжаттар суға кетті. Ұстаздар мен ауыл халқы шарасыз күйде. Ауылдың жанашырларының айтуынша, Қоскөл ауылдық округі әкімі мен аудандық білім бөлімінің басшысы қолдарында бір күрегі жоқ, не алып келген техникасы жоқ келіп, құр сөзбен жұбатқандай кейіп танытып кетіп қалдған.



Ауыл азаматтары өз техникаларын жұмылдып, трактормен құм тасып төсеп, қызметкерлер біресе су тасып, біресе кітап мен құжат тасыған. Келген атқамінерлер «осы мектепті жаппай отырғанымызға рахмет айтыңдар» дегендей сөзбен түйреп, қорқытқандай болды.


Ауыл тұрғындары халықтың осы жерде шоғырланып, түтінін түтетіп отырғандағы себебі – балаларының білім алатын мектебі ғана деп отыр. Мектеп жойылса, ауыл да үдере көшпек.


Бала саны аз болғасын, мектеп ұстаздары мен ата-аналар патронаттық тәрбиеге бала алуды жоспарлар отыр. Қазіргі таңда құжаттық жұмыстар жүргізілуде, алдағы оқу жылына дейін мәселенің оң шешімі табылады деген сенімде ауыл жұрты.


Шағын ғана мектептің таудан талантты шәкірттері мен білімді ұстаздары көпке үлгі. Биылғы оқу жылының ішінде 17 оқушы түрлі аудандық жарыстардан жеңімпаз атанып, облыстан жүлдемен оралды. 


Ауыл тұрғындары жақсылықтан үміт үзбейді, олардың жаңадан мектеп салынып, ұстаздар мен оқушыларға жайлы жағдай жасалса деген тілектері ғана бар. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.