ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Аутизмді ерте анықтау жолдары: мамандардың кеңесі

Аутизмді ерте анықтау жолдары: мамандардың кеңесі

Медицина 29.01.2025, 11:33 683
Аутизмді ерте анықтау жолдары: мамандардың кеңесі
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде "Асыл Мирас" Аутизм орталығы басшысының орынбасары Марина Забродина аутистік спектрінің бұзылуы (АСБ) және даму ерекшеліктері бар...

Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде "Асыл Мирас" Аутизм орталығы басшысының орынбасары Марина Забродина аутистік спектрінің бұзылуы (АСБ) және даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері туралы айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сарапшының айтуынша, АСБ әлеуметтік қарым-қатынас тапшылығымен, қызығушылықтардың тар шеңберімен және мінез-құлық ерекшеліктерімен сипатталады. Ата-аналар назар аударуы қажет алғашқы белгілердің қатарына мыналар жатады:

- көздің байланысының болмауы;
- өз атына реакцияның болмауы;
- ым-ишарамен сұрауды білдіре алмау;
- стереотиптік мінез-құлықтың көрінісі (мысалы, қол бұлғау, заттарды бір қатарға қою);
- қауіпсіздік сезімінің болмауы;
- агрессия немесе өзін-өзі агрессиялау жағдайлары

Маманның айтуынша, ата-аналар осындай ерекшеліктерді неғұрлым ертерек байқап, мамандарға жүгінсе, баланың сәтті әлеуметтену мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. «Асыл Мирас» орталығында аутизм қаупін анықтау үшін халықаралық деңгейде мойындалған, диагностикадағы «алтын стандарт» болып саналатын ADOS-2 әдісі қолданылады.

Марина Забродина сондай-ақ аутизм белгілері айналадағы адамдарға түсініксіз және үрей тудыруы мүмкін екенін атап өтті. сондықтан мұндай балалармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін білу маңызды.

Сарапшы келесі кеңестерді ұсынды:
-сабырлы және мұқият болу;
-ата-аналардан көмек қажет пе екенін сұрау;
-баланың айналасын қауіпті заттардан тазарту;
-бала мен оның ата-анасына шамадан тыс назар аудармау.

Сонымен қатар, мұндай жағдайда ата-аналарға ескерту жасауға, кеңес беруге, балаға ойыншық немесе тамақ ұсынуға, айғайлауға немесе шұғыл қызметтерді себепсіз шақыруға болмайды.

«Әрқайсымыз қоғамымыздың қандай болатыны үшін жауаптымыз. Аутизмі бар адамдардың тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар. Болат Өтемұратов Қорының «Асыл Мирас» орталықтары әрбір АСБ диагнозы бар бала мен оның отбасына көмектесуге дайын», – деп қорытындылады Марина Забродина.

2014 жылдан бастап Қазақстанда Болат Өтемұратов Қоры «Аутизм. Баршаға ортақ әлем» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарлама аутизмі бар балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған. Оның аясында еліміздің 12 өңірінде 13 тегін «Асыл Мирас» орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар балаларға кәсіби көмек көрсетіп, ата-аналарды өз баласын жақсырақ түсінуге үйретеді. Бағдарлама іске асырылған жылдар ішінде 16 000-нан астам бала мен олардың отбасы қолдау алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.