Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Аутизм дерті бойынша республикалық үйлестіру кеңес...

Аутизм дерті бойынша республикалық үйлестіру кеңесі құрылады

Әлеумет 02.04.2022, 13:04 1,245
Аутизм дерті бойынша республикалық үйлестіру кеңесі құрылады
Cурет: Primeminister.kz

Ғылыми зерттеулер жүргізу маңызды


Аутизм спектрі бұзылуы мәселелері бойынша арнайы Республикалық үйлестіру кеңесі құрылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов телеграм каналында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Аутизм спектрі бұзылуы (АСБ) мәселелері бойынша арнайы Республикалық үйлестіру кеңесі құрылады. Үкімет мүшесі ретінде оны өзім басқаруды жөн көрдім. Сондай-ақ кеңес құрамына ҮЕҰ өкілдерін, салалық мемлекеттік органдардың вице-министрлерін, әкім орынбасарларын және басқа да әріптестерімізді қосамыз. Маңызды мәселе - осы бағыттағы барлық жұмысты үйлестіру. 2. АСБ мәселелері бойынша арнайы Жол картасы бекітіледі. Құжатта проблемалық аймақтарды анықтап, қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективадағы міндеттерді айқындаймыз. Ғылыми зерттеулер жүргізу маңызды. Сол себепті БҒМ аутизм спектрінің бұзылуын зерттеу жөніндегі арнайы ғылыми бағдарламаға қаржы бөлу бойынша жұмыс жүргізеді», - деді министр.



Оның атап өтуінше, бүгінде 19 жоғары оқу орны арнайы педагогтерді даярлайды. Аталған университеттің барлығына түзету кабинеттері форматында ресурстық орталықтар ашу тапсырылды. Орталықтар мамандар даярлау жөніндегі клиникалық база ретінде әрекет етеді. Бұл бағыттағы жұмыс Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жақсы жолға қойылған. Университетте «Дара» қорының қолдауымен ресурстық орталық ашылды.



«Биыл біз ЖОО-ларға бағдарламаларды, әдістемелерді дайындау және студенттерді оқыту үшін аутизмі бар балалармен жұмыс істеуге маманданған шетелдік профессорларды тарту үшін қаржы бөлдік. Осы жылы Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, ҚарМУ осы дертке шалдыққан балалармен жұмыс істеп жүргендер үшін аралас онлайн/офлайн форматында арнайы магистрлік бағдарламалар әзірлеп жатыр. ППТК (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті), ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес), ресурстық орталықтар, арнайы инклюзия кабинеттерінің қызметкерлеріне мақсатты гранттар бөлуді бастадық. Сондай-ақ оларға бейіндік магистратураға түсу үшін жағдай жасауға дайынбыз», - деді ол. Министрдің жазуынша, үлгілік штаттарға педагог-ассистенттер енгізілді. Қазірдің өзінде мектептерде 1 000-нан астам педагог-ассистент жұмыс істейді. Олар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мектепке бейімделуге және оқуға көмектеседі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. «Түзету көмегіне мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруды бастаймыз. Яғни, осы дертке шалдыққан балалармен сапалы түзету жұмыстарын жүргізуге дайын ұйымдар бюджеттен тиісті қаржы алады. Бұл балаларымызды осындай арнайы қолдаумен қамтуды күрт арттыруға мүмкіндік береді. Ата-аналарға, мамандарға барлық қажетті ақпарат пен арнайы ұйымның деректер базасы, сондай-ақ ППТК, ПМПК және ресурстық орталықтар туралы ақпарат барлығына қолжетімді болуы үшін бірыңғай портал құрылады», - деді Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#аутизм #зерттеу #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.