AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Australian Open-2023: Бүгін Елена Рыбакина финалға...

Australian Open-2023: Бүгін Елена Рыбакина финалға жолдама үшін таласады

Спорт 26.01.2023, 03:30 1,416 Almaty-akshamy
Australian Open-2023: Бүгін Елена Рыбакина финалға жолдама үшін таласады
Сурет: Ашық дереккөз

Қарсыластар бұған дейін Индиан-Уэллс турнирінде кездескен.


Аустралия ашық чемпионатында бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен ойнайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


В.Азаренко Е.Рыбакинадан бақандай он жасқа үлкен, тәжірибесі де молырақ.


2012 және 2013 жылдары Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы болған В.Азаренко кезінде әлемнің 1-ракеткасы атанды.


Кейінгі жылдары сәбилі болуына және жарақатына байланысты бұрынғы биігіне көтеріле қойған жоқ. Алайда биылғы Аустралия біріншілігінде шебер ойын өрнегін көрсетіп келе жатқан Виктория тағы бір чемпиондықтан үмітін үзген жоқ.


Ал өткен жылы Уимблдон чемпионы атанған 23 жастағы Е.Рыбакина нағыз дер шағында. Сондықтан мамандар алдағы матчта екеуінің де мүмкіндіктері тең деп бағалап отыр.


Қарсыластар бұған дейін өткен жылы Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде кездесіп, онда Е.Рыбакина 6:3, 6:4 есебімен ұтқан еді. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланған. В.Азаренко 3 эйс жасағанымен, бірде-бір брейкке қол жеткізе алмаған еді.


Бұл жолы ойын қалай өрбиді, оны алдағы матч көрсетеді.


Жартылай финалдық бәсеке Астана уақытымен сағат 14.30-да басталады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның алғаш рет жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды.


Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерді жеңіспен бастады.


Аустралия чемпионатында жартылай финалға шыққан теннисшілер анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Australian Open-2023 #теннис #Рыбакина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);