ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Ауруханадағы ас сапасы нашар ма?

Ауруханадағы ас сапасы нашар ма?

Медицина 12.04.2023, 09:10 1,329
Ауруханадағы ас сапасы нашар ма?
Сурет: Ашық дереккөз
Алматы тұрғыны ауруханада науқастарға берілетін тамақтың сапасына шағымданды

Алматы тұрғыны ауруханада науқастарға берілетін тамақтың сапасына шағымданды


Алматы тұрғыны ауруханада жатқан қарындасына сапасы нашар тағам берілетінін айтып шағымданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Шағымды әлеуметтік желіге жариялаған автор жүкті қарындасының «Қалқаман-1» шағынауданындағы ауруханаға түскендігін жазған. Сонымен қатар патология бөліміне жатқызылған қарындасына берілген тамақтың суретін қоса жүктеген.


Жағдайға Алматы қалалық №1 клиникалық ауруханасы түсінік берді.


Аурухананың мәліметіне сәйкес, аталған мәселе бойынша комиссия қызметтік тексеріс жасалған.


Тексеріс кезінде перзентхана жағдайында стационарлық емдеудегі барлық жүкті және босанған әйелдер арасында сауалнама жүргізілген.


Сауалнама қорытындысы бойынша ауруханадағы бүкіл әйел тамақтың сапасына «100% қанағаттанарлық» деп жазған.


Онымен қатар аурухана стационарда емделіп жатқан науқастарға диеталық үстелге сәйкес тамақ берілетіндігін мәлімдеді.



«Әрбір ауруға рұқсат етілген азық-түлік пен тағам түрі болады. Дені сау адамдар тұтынатын тағамның бәрі бірдей науқастарға беріле бермейді. Емдеу (диеталық) үстелдері ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы №128 қаулысына сәйкес жасалады. Тамақ технологиялық карта бойынша пісіріледі»,- деді аурухана.



Аурухана тағамды тарату алдында оның дәмі мен өнімінің қауіпсіздігіне бағалау жүргізілетіндігін мәлімдеді.


Сонымен қатар арнайы журналда кезекші дәрігер немесе эпидемиолог дәрігер күнделікті дайындалатын тағамдардың сапасы туралы белгі қоятындығы туралы айтылды.



«Ауруханада ас блогын тұрақты түрде бақылайтын инфекциялық бақылау комиссиялары, бракераж комиссиясы (ИБК, БК) жұмыс істейді. Сараптама бойынша тамақтан улану, тағамды сапасыз дайындау деректері тіркелмеген», - деп жауап берді аурухана.



Осыған орай, №1 ауруханада тамақтану режимі мен сапасына қатысты нормативтік құқықтық актілер бұзылмаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.