AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Әумин» деп айту қате ме?

«Әумин» деп айту қате ме?

Әлеумет 13.04.2024, 10:48 1,947
«Әумин» деп айту қате ме?
Сурет: интернеттен

Пенде Алла Тағалаға жалбарынып, дұға еткеннен кейiн «әмин» деп, тiлегi қабыл болуын сұрайды. Бұл амал өз бастауын Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар заманынан алады.


Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған намазда және дұғада «әмин» (деп айту) нәсіп болды, бұл менен бұрын Мұсадан басқа ешкімге нәсіп болмаған, Мұса дұға қылғанда, Һарун «әмин» деп тұратын. Сондықтан дұғаны әминмен аяқтаңдар. Өйткені Алла сендерден мұны қабыл етеді», – деп өсиет еткен (Ибн Хузайма).



Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Имам «әмин» дегенде, сендер де «әмин» деп айтыңдар. Өйткені кімнің («әмин» деп айтқан) сөзі періштелердің айтуымен тура (пара-пар) келсе, оның бұрынғы өткен күнәсі кешіріледі», – деген (Бұхари, Мүслим).



Тағы бір хадисте: «Әмин деп айтпайтын адамның мысалы бір адамдармен бірге жорыққа шыққан кісіге ұқсайды. Олар жеребе тартып, жебе суырысқанда, барлығының жебесі шығыпты да, оның жебесі еш шықпапты. Сонда ол: «Менің жебем неліктен еш шықпады?» – дегенде, оған: «Өйткені, сен «әмин» деп айтпадың», – делініпті» (Әбу Яғлә).


Негізінде «әмин» арабтың сөзі емес, басқа тілден енген сөз. Имам Қуртуби (Алла оны рақымына алсын) айтады: «Ғалымдардың басым көпшiлiгiнің пікірінше, «әмин» сөзi «Уа, Алла! Бізден қабыл ет!» – деген мағынаны бiлдiрiп, дұға ұғымында қолданылады».



Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) айтады: «Мен Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «әмин» сөзiнiң мағынасы не?» деп сұрағанымда, ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Раббым! Тiлегiмдi қабыл ет», – деп жауап бердi» («Әл-Жамиғу ли ахкам әл-Құран»). Сондай-ақ ғалымдар оның «солай болсын», «үмітімізді еш етпе» деген мағынасы да бар дейді.



Арабтар әлиф әрпін созып («әәмиин») және созбай («әмиин») екі түрде айтады. Қалай айтылса да, мағынасы өзгермейді, солай қала береді. Қазақ халқының дұғада «әмин» немесе «әумин» деп айтуы – «Алла қабыл етсін, сауабы­н жазсын» деген ниетінің көрінісі. Екеуі де қолданыстағы сөздер болға­ндықтан, мағынасы бірдей деуге болады. Қазақ әу бастан бата бер­генде «әумин» деп те қолданған. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты дайындаған «Орфографиялық сөздікте» қазақ тілінің заңдылығы бойынша «әумин» деп жазу керектігі көрсетілген. Сондықтан оны қате деп айтпаймыз.


Бұл мәселеде «олай емес, былай» деп талас-тартыс жасамау қажет.


«Мұнара» газеті, №11, 2021 жыл


«Мұнара» газеті, №11, 2021 жыл

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әмин #Дұға #тілек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);