Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ауласы қаладағы ең үздіктің біріне айналған алматы...

Ауласы қаладағы ең үздіктің біріне айналған алматылық әйел лайфхакпен бөлісті

Әлеумет 14.05.2024, 09:19 673
Ауласы қаладағы ең үздіктің біріне айналған алматылық әйел лайфхакпен бөлісті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда үздік аула, үздік шағын бақ байқауының жеңімпаздары жобасы туралы айтып берді

«Үздік аула» номинациясының жеңімпазы атанған Алмалы ауданында тұратын Наталья Лазарева ауланы көркейту идеясын көршілерімен бірге 2020 жылы ойлағанын айтады. Тұрғындар көгал егіп, миксбордерге жиектастар қойды. Кейінірек аулада сарқырамасы бар альпілік төбешік пайда болды.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы білдік. Жоспар құрдым, бізде сарқырамасы бар альпілік төбешік болғанын қаладым. Ауланың эскизін жасадым. Биыл «Үздік аула, үздік шағын бақ, коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» байқауына қатыстық, өйткені біздің аула үздік деп ойладық. Бұл менің хоббиім. Шабыттандым деп айта алмаймын, тек өз ауламызға не жетіспейтінін білдім», - деп Наталья Лазарева «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында байқауда қалай жеңіске жеткені туралы айтып берді. 

500 мың теңге ұтып алған сертификатқа қала тұрғындары ауланы күтіп-баптауға арналған көгал шабатын машина, бұтақ кескіш, бүріккіш, шланг, шелек сынды құрал-жабдық сатып алды.

Қаланың тағы бір тұрғыны Валентина Сугатова бастапқыда балконға өсірілген гүлдерді отырғызу керек екенін ойлап, мұның бәрі кездейсоқ толыққанды шағын баққа айналғанын айтады. 

«Қарап тұрсам, бәрі тастанды және кіреберістің жанына гүл отырғызуға бола ма деп ойладым. Отырғыздым, келесі жылы одан көбірек ектім, ешкім қарсы болмады. Көбіне мен жақсы пікірлерді естідім. Бұл күнделікті еңбектің нәтижесі», - дейді зейнеткер.

Оның күш-жігері бекерге кеткен жоқ, биыл оның шағын бағы өзінің ауданындағы үздік деп танылды. 

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында мегаполистің барлық ауданында «Үздік аула, үздік шағын бақ, коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Демеушілік көмек есебінен байқаудың барлық жүлдегері бағалы сыйлықтар немесе ақшалай сертификаттар алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аула #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.