AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауладағы ірі көлемді қоқыс: Алматыда ережені бұзуш...

Ауладағы ірі көлемді қоқыс: Алматыда ережені бұзушылармен қалай күреседі

Әлеумет 21.10.2024, 12:31 1,300
Ауладағы ірі көлемді қоқыс: Алматыда ережені бұзушылармен қалай күреседі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Жарқын күз» акциясы – «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты күзгі экологиялық науқан аясында ірі көлемді қоқысты белгіленбеген орындарға дұрыс тастамау фактілері бойынша абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтау жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 

 

Ай басынан бері Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында 20-дан астам ереже бұзушы анықталып, оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 505-бабына сәйкес 10-20 АЕК көлемінде айыппұл салынған әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 

Айта кету керек, Алматы қаласының абаттандыру ережелеріне сәйкес кәсіпорындар, мекемелер және жеке тұлғалар ірі көлемді қоқысты өздері шығарып немесе қоқыс шығаратын ұйымдармен келісімшарт жасасуы тиіс.

 

Жөндеу жүргізіп жатқан немесе ірі көлемді қоқысы бар тұрғындар қоқысты шығару үшін арнайы ұйымдарға жүгінуі немесе қоқысты Алматы облысының Іле (Алматы-Өскемен тас жолы, 34/1 https://go.2gis.com/5wg4xn) және Қарасай (Айтей ауылы, 144-есептік квартал, 4690 https://2gis.kz/almaty/geo/70000001051600536) аудандарында орналасқан полигондарға өздері жеткізуі қажет.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2024-2025 жылдары Алматы қаласында санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында 786 ескі контейнерді ауыстыру және 2000-нан астам жаңа тереңдетілген контейнер орнату жоспарлануда. Бұл контейнерлер қоқыс жәшіктері алатын аумақты азайтуға, жағымсыз иістердің таралуын болдырмауға және жануарлардың қоқысқа қол жеткізуін шектеуге мүмкіндік береді.

 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда контейнерлік алаңдарды санитарлық өңдеу жұмыстары күшейтілгені жайында жазған едік. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс #заң #санитарлық жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);