AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ауғанстанда зілзаладан 11 адам қаза болды

Ауғанстанда зілзаладан 11 адам қаза болды

Оқиға 22.03.2023, 12:33 1,183
Ауғанстанда зілзаладан 11 адам қаза болды
сурет:aa.com.tr

Жер сілкінісі Қазақстаннан бөлек, 4 елде сезілді.


Сейсенбі күні кешке Ауғанстанда болған жер сілкінісінен Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында кем дегенде 9 адам қаза болды. Ауғанстан шығысындағы Лагман провинциясында тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


 News газеті сәрсенбі күні Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясының Табиғи апаттармен күрес жөніндегі басқармасының жаңартылған мәліметіне сілтеме жасап жазуынша, зілзала салдарынан мерт болғандар саны қазіргі уақытта 9 адамда құрап отыр, тағы 44-і жарақаттанды.


Сейсенбі күні Dawn басылымы Хайбер-Пахтунхвада тұрғын үйлердің шатыры мен қабырғаларының құлауынан екі адам көз жұмып, алтауы зардап шеккені туралы мәлім еткен еді. Өз кезегінде Reuters агенттігі Пәкістан полициясына сілтеме жасай отырып, Сват округінде 150-ге жуық адам жарақат алғанын жазды. Округ ауруханалары жоғары деңгейдегі дайындық режиміне ауыстырылды.


Dawn мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері Хайбер-Пахтунхвадан бөлек, Пәкістанның өзге өңірлерінде де сезілген. Соның ішінде Пешавар, Лахор, Кветта, Равалпинди және Исламабад бар.


Онымен қоса, Ауғанстанның табиғи апаттар салдарын төмендету жөніндегі басқармасының өкілі Reuters агенттігіне мәлім еткендей, Лагман провинциясында 2 адам қаза болған.


Еуропа – Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы сейсенбі күні Ауғанстанда 6,8 магнитудасымен жер сілкінгенін тіркеді. Кейін сейсмологтар магнитуданың 6,5 болғанын мәлім етті. Ошағы Ауғанстанның Пәкістан және Тәжікстанмен шекарасына жақын жерде, 12 мыңнан астам халық тұратын Ишкашим қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км қашықтықта орналасты. Тереңдігі – 185 км. Жерасты дүмпуін, сондай-ақ Қазақстан, Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері сезінді.




 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауғанстан #зілзала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);