ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Әуезов ауданында жаңа емханалар мен оңалту орталық...

Әуезов ауданында жаңа емханалар мен оңалту орталықтары ашылып жатыр

Алматы 06.11.2025, 12:14 274
Әуезов ауданында жаңа емханалар мен оңалту орталықтары ашылып жатыр
сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымы белсенді дамып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев хабарлағандай, ауданда тұрғындарға...

Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымы белсенді дамып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев хабарлағандай, ауданда тұрғындарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар сәтімен іске асып жатыр.

Бүгінгі таңда аудан аумағында 11 мемлекеттік медициналық ұйым жұмыс істейді – 5 қалалық емхана, 6 стационар, сондай-ақ 38 жеке медициналық мекеме бар, оның ішінде 7-і мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетеді. Жалпы ауданның емханаларына 363 мың тұрғын тіркелген.

Биыл бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асты. Ақпанда Жетісу-3 шағынауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Парасат» оңалту орталығы ашылды. Жалпы ауданы 1 760 шаршы метр болатын жаңа ғимарат заман талабына сай жабдықтармен қамтылған.

Сәуір айында Таугүл-3 шағынауданындағы №18 емхананың бөлімшесінде жасалған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, №16 қалалық емхананы сейсмикалық тұрғыдан нығайту мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оны 2026 жылдың наурыз айында аяқтап қалады.

Жақын арада №15 емхананы қайта жаңарту мен Қуаныш шағынауданында ауысымына 300 адам қабылдайтын жаңа емхананың құрылысы жобасын әзірлеу жоспарланған (мемлекеттік сараптама – 2026 жылдың мамыры).

Бұдан бөлек, осы жылдың қараша айында №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасының аумағында жаңа корпустың құрылысы басталады. Ескі ғимарат бұзылып, оның орнына жалпы ауданы 11,7 мың шаршы метр болатын, 67 төсектік жертөлесі бар жаңа үш қабатты корпус салынбақ.

«Ауданда медицинаны дамыту – басты басымдықтың бірі. Әр тұрғын үйінің жанынан сапалы медициналық көмек ала алуы үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді Абзал Егембердиев.

Жүзеге асып жатқан жобалардың арқасында алдағы жылдары Әуезов ауданының тұрғындары денсаулық сақтау саласындағы істелген осы жұмыстардың игілігін көре бастайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,270 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.