Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әуезов ауданында 50 көше жөнделді

Әуезов ауданында 50 көше жөнделді

Әлеумет 24.08.2022, 08:55 1,053
Әуезов ауданында 50 көше жөнделді
7kun.kz

 Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов аудандағы жол инфрақұрылымының сапасын арттыру туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


С. Сайфеденовтың хабарлауынша, ұзындығы 32,4 шақырым 23 көшеге және өтетін жолдарға, оның ішінде ұзындығы 16,9 шақырым жолға орташа жөндеу жұмысы қарқынды жүргізілуде. 17 көше және өтетін жолдар қазірдің өзінде жөнделді (52% орындалды). 2022 жылдың қарашасына дейін барлық участоктардағы жұмыстар аяқталады.


Бұл ретте ұзындығы 3,8 шақырымды құрайтын 15 учаскеде жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жоспарланса, бүгінде 13 учаске (87%) жөнделді. Жұмыс ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.


Аудан әкімі коммуналдық шаруашылық саласындағы ахуал туралы айтып берді.



«2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлердің коммуналдық қызметтерінің жағдайын жақсарту қажет. 2022 жылы 190 лифт ауыстырылды, 12 лифт жұмыс істейді. Сондай-ақ, жоспарланған 40 млн теңгеге 8 көп қабатты үйде қоғамдық аумақтарды жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деді аудан әкімі.



Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты айта кетсек, Әуезов ауданы сумен, газбен, электрмен қамту 100%, кәріз желілерімен 85% қамтамасыз етілген.



Сонымен қатар, желілерді қайта құруды қажет ететін бірқатар проблемалық аймақтар бар. Мәселен, қала әкімі Е.Досаевтың тапсырмасы бойынша су құбыры және судан бұру желілерін салу және жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл жұмыстар "Достық", "Мамыр-4" шағынаудандарында 61,8 шақырым, Саин-Шаляпин-Жандосов көшелері - Қарғалы өзені көшелерінің алаңында, сондай-ақ Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің бойында жүргізілмек.



Бұл жобаларды жүзеге асыру 2000-нан астам абонентті сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов #көшелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.