AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әуежайдағы әзіл: Жарылғыш құрылғы туралы айтқан шы...

Әуежайдағы әзіл: Жарылғыш құрылғы туралы айтқан шымкенттік жолаушы жауапқа тартылды

Заң мен тəртіп 24.09.2026, 12:03 287
Әуежайдағы әзіл: Жарылғыш құрылғы туралы айтқан шымкенттік жолаушы жауапқа тартылды
Polisia.kz

Оқиға 21 қыркүйекте Шымкент қаласының әуежайында болған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шымкент – Астана бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде алкогольдік масаң күйдегі ер адам өзінің жүгінде "жарылғыш құрылғы" бар екенін айтқан.

Әуе компаниясының өкілдері жолаушыны рейстен дереу түсіріп, көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырған. Көлік полицейлері жүргізген тексеру барысында бұл ақпарат расталмады. Жолаушының жүгінен ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Әуежайда эвакуация жүргізілген жоқ.

Тексеру нәтижесінде ер адамның қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Көліктегі полиция департаменті әуежайларда және көлік инфрақұрылымы нысандарында жарылғыш құрылғылар немесе өзге де қауіп-қатерлер туралы әзіл айтуға болмайтынын ескертеді. Адам қандай да бір зиян келтіруді көздемей, мұндай мәлімдемені "әзіл ретінде" айтқан күннің өзінде, қауіпсіздікке қатысты кез келген ақпарат белгіленген тәртіппен тексеріледі және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);