Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әуежайлардың жарамдылық сертификатының мерзімі өті...

Әуежайлардың жарамдылық сертификатының мерзімі өтіп кеткен

Әлеумет 29.05.2023, 11:42 1,096
Әуежайлардың жарамдылық сертификатының мерзімі өтіп кеткен
Сурет: ашық дереккөз

«AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысында жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдаудың қымбатшылығы және ұшу қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Кеңестің жұмыс тобы азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін бақылау және қадағалау жөніндегі қызметтің тиімділігін зерттеп, көңіл көншітпейтін қорытындыға келді.


2022 жылы қазан-желтоқсан айларында Ақтөбе, Зайсан, Балқаш, Шымкент, Павлодар қалаларындағы әуежайларда әуе айлақтарға берілетін жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімі аяқталды.


Ал Атырау және Қостанай әуежайларында биыл ақпанда аяқталды.


Партиялықтар ішкі әуе тасымалындағы қазіргі баға деңгейін талқылады.


Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров билеттің қымбатшылығына шағымданатын азаматтар саны күн санап артып бара жатқанын атап өтті.



«Адамдар Air Astana және FlyArystan-ның баға саясатына тәуелді. Тұтынушыға қамқорлық жасалмайды. FlyArystan-ның билет құнына қарап, бұл компанияны лоукостер деп айтуға ауыз бармайды. Отандастарымыз Астанадан Парижге ұшып баруға жететін қаражат жұмсауға мәжбүр. Оралдан Алматыға дейінгі билет құны 80 мың теңгеге дейін шарықтайды. Ал шетелде ұшаққа отырсаңыз, дәл осы сома әлемнің жартысын айналып өтуге жетеді. Міне, елімізде әуе тасымалының қаншалықты қымбат екенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Бұл қаражат қайда кетіп жатыр? Air Astana коммерциялық компания ретінде жұмыс істейді. Бірақ, қазіргі қызметі ұлттық тасымалдаушы мәртебесіне сәйкес келмейді», – деді Е.Саиров.



Бұл пікірмен кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан да келісіп отыр. Сондай-ақ ол отандық әуе компанияларына тең жағдай жасалмаған деп есептейді.



«Депутат ретінде ғана емес, тұтынушы ретінде де пікір білдіргім келіп отыр. Салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Себебі тек бір компания – Air Astana үшін ғана барлық жағдай жасалған. Мәселен, Scat-тың рейсін неге бірнеше сағат күтеміз осы? Бұл жағдай адамдардың ашу-ызасын туғызады. Ал Scat қызметкерлері болса, барлық жағдай тек Air Astana үшін ғана жасалып жатқанын айтады. Елімізде арзан бағамен тасымалдаушылар пайда болуы үшін әуе кеңістігіміз бәсекеге қабілетті болуы керек», – деді ол.



Бұған жауап ретінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов ИИДМ тарапынан ешқандай компанияға мемлекеттік қолдау мен қорғау жасалмайтынын атап өтті.


Министрлік тек ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.



«Air Astana – «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компания. Тиісінше, стратегиялық міндеттерге де солар жауап беруі тиіс. Ал баға мәселесіне келетін болсақ, оны ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі белгілейді. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, авиабилет құнын белгілеу мәселесі заңнамалық тұрғыда реттелмейді. Оны авиакомпаниялар нарық шартына сай айқындайды», – деді вице-министр.



Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Air Astana компаниясының қызметін заң бұзу тұрғысынан зерделеп, компания мен мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттарды тексеру қажет екенін атап өтті.



«Ұшақ Алматы әуежайына қонған соң шамамен бір жарым сағат күтеміз. Бірде автобус, енді бірде трап табылмай қалады. Оның бәрі қайда кеткен өзі? Жоқ болса, сатып алуға болмай ма? Алматыдан Астанаға бір күн бұрын билет сатып алғысы келген адам жаға ұстатарлық жағдайға тап болады. Мәселен, FlyArystan-ның билет құны – 60 мың теңге. Ал Air Astana-ға мүлдем билет сатып ала алмайсыз. Елімізде ұшақ жетіспейтін болса, өзге авиакомпаниялардың да жұмыс істеуіне рұқсат етейік. Мысалы, Wizz Air компаниясы Қазақстанда қызмет көрсетуге дайын отыр. Бірде Лос Анжелес-Нью Йорк бағытындағы ұшақ билетін 32 долларға (15 мың теңге) сатып алдым. Ондағы арақашықтық шамамен 4000 шақырымды құрайды. Билетті дәл ұшатын күні алдым. Ал бізде мұндай баға бар ма?» – деді саясаттанушы Талғат Қалиев


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #сертификат #ұшақ #Мәжіліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.