AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ауа температурасының 35 градустан асуы адам өмірін...

Ауа температурасының 35 градустан асуы адам өміріне қауіпті

Әлем 25.07.2023, 05:35 1,518
Ауа температурасының 35 градустан асуы адам өміріне қауіпті
Сурет: Hi-news.ru

Пенсильвания штаты университетінің ғалымдары осындай мәлімдеме жасаған.


 Адам организмі дене температурасын өзі реттеп отыруға бейімделген.


Теориялық тұрғыдан түсіндірсек ол сыртқы факторларға тәуелсіз. Бірақ Пенсильвания университетінің ғалымдары ыстық күннің адамға кері әсерін анықтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz таратқан ақпаратқа сай, ғылыми тәжірибеге 24 ерікті қатысты. Олар арнайы орында түрлі температуралық жағдайда бақылауда болды.  Сынап бағанасы 35 градустан асқанда адамның ішкі температурасы тоқтаусыз көтеріле бастайды. Демек ұзақ сақталатын ыстықтың адам денсаулығына зияны бар. Зерттеу қорытындылары сынап бағанасы 31 градусқа жеткенде-ақ денсаулығы мықты жас адамның дене температурасының өзі көтеріліп ыси бастайтынын көрсетіп отыр.


Бұл деректер Еуропадағы былтырғы ыстықта өлім-жітімнің неліктен көбейгенін түсіндіреді. Ол кезде кәрі құрлықта 60 мың адам көз жұмған еді. Қайғылы оқиғаның көбі Италия, Испания және Германияда тіркелді. Джон Нэрн, ауа райын зерттеуші ғалым: - Қазір ғаламдық температура 1980-ші жылдардағы кезеңмен салыстырғанда жоғары. Жыл сайын ми қайнатар ыстықтың қайталануы артып келеді. Сондықтан қазір әлемде ауа райы қалыпты деп айтуға келмейді.


Ал соңғы мәліметке сүйенсек, кейінгі бірнеше аптада Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада аптап ыстық бір уақытта орнаған. Калифорнияның шөлейтті даласында сынап бағанасы 53 градусқа дейін көтерілді. Ғалымдардың болжауынша биыл ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетіп тарихтағы ең ыстық жыл тіркелуі мүмкін.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауа температурасы #ыстықтың зияны #Ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);