ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Атыс пен Қазақстандық сержанттар АҚШ-тағы Best war...

Атыс пен Қазақстандық сержанттар АҚШ-тағы Best warrior байқауында сәтті өнер көрсетті

Әлеумет 20.05.2025, 13:43 648
Атыс пен Қазақстандық сержанттар АҚШ-тағы Best warrior байқауында сәтті өнер көрсетті
Сурет: Gov.kz
Астана халықаралық әуежайында Америка Құрама Штаттарынан ұшып келген 54835-А әскери бөлімінің батальон сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі парашюттық-десанттық...

Астана халықаралық әуежайында Америка Құрама Штаттарынан ұшып келген 54835-А әскери бөлімінің батальон сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі парашюттық-десанттық ротасының сержанты 2-сыныпты гвардия сержанты Рауаны Тоқтарбековті салтанатты жағдайда қарсы алды.  

Әскери қызметшілер Аризона штатының Ұлттық гвардиясы ең жақсы әскери қызметшілерді анықтау мақсатында сержанттар құрамы үшін ұйымдастыратын жыл сайынғы Best warrior байқауына қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Навахо әскери базасында өткен жарысқа АҚШ-тың жеті штатынан, сондай-ақ Фиджи, Гуама, Тонги және Филиппин мемлекеттерінен келген әскери қызметшілер қатысты.  

Конкурс армиялық жауынгерлік фитнес сынағынан, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндері бойынша нормативтер тапсырудан, топ құрамындағы тактикалық дайындықтан, топографиядан, жергілікті жерді патрульдеуден, тактикалық медицинадан, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан атудан және 12 кг жүкпен толық жабдықта 28 шақырымға марш жасаудан тұрды.

 – Жоғары бәсекелестікке, АҚШ армиясының қару-жарақ үлгілері мен құрылғыларында жаттығулардың орындалуына қарамастан, біздің әскери қызметшілер жауынгерлік қасиеттерін көрсетіп, жарыстың үш түрінде үздік атанды, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Бас штабының сержанттық құрамымен жұмыс басқармасының аға нұсқаушы-сержанты штаб-сержант Беглан Бейсалиев.

Біз 3-сыныпты сержант Дархан Асланның 800 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта жүгіріп өтіп, байқау тарихында рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз.

Бұдан бөлек біздің жігіттер 12 килограмдық жүкпен 28 шақырымға 3 сағат 39 минуттық марш жасап, үздік нәтиже көрсетті. Жауынгерлер керемет төзімділік танытып, Қазақстан туымен мәреге жетті.

Жауынгерлік дайындық және АҚШ Қарулы күштерінің әртүрлі қару үлгілерінен ату нормативтерін орындау кезінде 2-сыныпты сержант Рауан Тоқтарбеков те жақсы нәтижеге қол жеткізіп, «Үздік атқыш» сертификатымен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,287 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.