AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атыраудың 8-сынып оқушысы жаңа құрылғы ойлап тапты

Атыраудың 8-сынып оқушысы жаңа құрылғы ойлап тапты

Әлеумет 24.09.2021, 05:04 1,324
Атыраудың 8-сынып оқушысы жаңа құрылғы ойлап тапты
aikyn.kz

Атырау облысы, Индер ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Қажымұқан Мұқатов суды және минералды тыңайтқыштарды үнемдеуге мүмкіндік беретін тамшылата суару қондырғысын ойлап тапқан, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Басты назарымды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, судың өсімдік тамырына баруына аудардым. Ойым жүзеге асса, өнімділікті арттыратынымды түсіндім. Тамшылап суару әдісінің артықшылығын әлем елдері жақсы біледі. Осындай технологияның Қазақстанда да дамығанын қалаймын. Атырау өңірінің тумасы болғандықтан, Жайық өзенінің тартылып бара жатқанын жақсы білемін. Осы қондырғыны пайдаланып, өзен аңғарының экожүйесін сақтап қалғым келеді»,– деді 8-сынып оқушысы «Адырна»  порталына берген сұхбатында.



Әңгіме барысында дарынды оқушы қондырғыны іске асыруға мұғалімінің көметескенін айтты. Ұстазының есімі – Өтепқали Нәсіпқали. «Осы кісі идеямды жүзеге асыруға көмектесіп, бағыт-бағдар берді. Осылайша, қондырғыны ойлап таптық», - дейді Қажымұқан Мұқатов.


Қажымұқан Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығындағы «Шебер» үйірмесіне 2017-2018 оқу жылынан бастап қатысады екен. Үйірме жетекшісінің айтуынша, Қажымұқан – өте сабырлы, аңғарымпаз бала. Оның арманы – жеке кәсіпкер болып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау #Өнертапқыш #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);