AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырауда әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген...

Атырауда әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген 11 жасар қыз полицияға жүгінді

Оқиға 05.02.2023, 08:26 1,293
Атырауда әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген 11 жасар қыз полицияға жүгінді
сурет:stav.aif.ru

Жасөспірімнің қабырғасы сынған, денесінде түрлі жарақаттар мен көгерген дақтар бар.


Атыраулық ер адам 11 жасар қызын ұрып-соғып, дұға жасауға мәжбүрлеген. Әкесінен зәбір көріп, үйінен қашып кеткен жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Бұл жайында өзін бейімдеу орталығының қызметкерімін деп таныстырған Дильназ Әділжанқызы әлеуметтік желіге жазды. Оның айтуынша, 11 жасар қыздың анасы түрмеге түскен.


Бостандыққа шыққан соң, балаларынан бас тартып, отбасынан кетіп қалған.



«Былтыр жасөспірім қыз әжесінен ауруханаға апаруды өтінген. Аурухана дәрігерлері жасөспірімнің денесінен жарақатты, көгерген дақты, қабырғасы сынғанын анықтаған. Ол кезде бала дәрігерлерге ештеңе айтпаған. Ал, биылғы қаңтарда сыныптасының әкесінен көмек сұраған. Ол жасөспірімді полицияға жеткізген. Полиция қызметкерлері әкесінен қорлық көрген қызды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды», -дейді Дильназ Әділжанқызы Facebook парақшасында.



Қазір психологтар қорлық көрген жасөспіріммен жұмыс істеп жатыр.


Ал полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, жариялауға жатпайды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау #қыз бала #Намаз #мәжбүрлеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);