Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Атырауда 8 адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Атырауда 8 адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Әлеумет 20.05.2023, 11:05 1,267
Атырауда 8 адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
сурет:azh.kz

Биыл жайсыз отбасы ретінде есепке алынғандар саны - 75. 


Атырауда бала тәрбиесіне байланысты міндеттерін орындамаған 8 адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселесі қаралды. Онда Атырау қаласында жасөспірімдер мәселесі талқыланды.



«Былтыр комиссия отырысында ювеналды полиция бөлімі мен білім беру мекемелерінің ұсыныстары бойынша 116 іс қаралды. Ал, комиссияның биылғы 8 отырысында 47 жасөспірімге қатысты іске талдау жасалды. Оның ішінде кәмелетке толмаған 3 оқушы ұзақ уақыт бойы сабаққа бармағаны анықталды. Комиссия оқудан жалтарған жасөспірімдерді арнаулы мектепке орналастыруға байланысты тиісті қаулысы шығарды. Балаларының тәрбиесі мен білім алуына байланысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 8 адамды ата-ана құқығынан айыру туралы қаулы шығып, сотқа жіберілді. Төрт жасөспірімге тәртібін түзеу үшін сынақ мерзімі берілді. Үш ата-ана облыстық наркологиялық диспансерге 30 күн ем қабылдауға жатқызылды», - деп хабарлады Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.



Оның айтуынша, жайсыз отбасында тәрбиеленіп, полиция есебіне алынған балалар қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға бейім болғаны анықталған. Былтыр жайсыз отбасы есебіне алынғандар саны – 94. Биыл бұл есепте 75 отбасы тұр.



«Кәмелетке толмағандар мәселесі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері полиция қыметкерлерімен бірге айына екі рет жайсыз отбасылардың тұрғылықты мекенжжайына тексеру жүргізеді. Ең бастысы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын бұзбау мәселесіне назар аударылып отыр», - деп мәлім етті Нұржан Ермұханов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау #жайсыз отбасылар #ата-ана құқығынан айыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.