AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырау облысында екі ауданды қар суы басып қалды

Атырау облысында екі ауданды қар суы басып қалды

Оқиға 27.02.2022, 12:08 1,594
Атырау облысында екі ауданды қар суы басып қалды
Cурет: ТЖД

ТЖД қызметкерлері арнайы техникамен су сору жұмыстары жүргізді


Атырау облысының Индер және Қызылқоға аудандарын еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Индер және Қызылқоға аудандарында еріген қар суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.



«26 ақпан күні сағат 16.20-дан Индер ауданы Индербор кентінің көшесінде еріген қар 30 см жетті. Сондай-ақ Жарсуат ауылының көшелерін де су басып қалды. Су сору жұмыстарына ТЖД және аудандық әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.



Сондай-ақ Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылының Қарабалин және Аққуов көшелерінде де 25-30 см болатын еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары жүргізілді. Барлығы 280 м3 су сорылды.


Еске салсақ, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Биыл көктемде ауа райына байланысты 431 мыңнан астам адам тұратын 285 елдімекенде су басу қаупі бар екенін мәлімдеген болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау #ТЖД #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);