ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Атырау облысында бір айдан астам уақыт ізделген ер...

Атырау облысында бір айдан астам уақыт ізделген ерлі-зайыптының мәйіттері табылды

Оқиға 07.01.2026, 09:02 268
Атырау облысында бір айдан астам уақыт ізделген ерлі-зайыптының мәйіттері табылды
сурет: Атырау облыстық ПД
Атырау облысының полициясы Қызылқоға ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіттері табылғанын растады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Атырау облысының полициясы Қызылқоға ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіттері табылғанын растады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен 1961 жылы туған жұбайы Насипа Өтешқалиеваның денелері анықталған. Қазіргі таңда оқиға орнында құқық қорғау органдары мен жедел қызмет өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталып, оларды ұстау бағытында тиісті шаралар қабылдануда.

Жергілікті басылымдар ерлі-зайыптылардың мәйіттері шаруашылыққа арналған құрылыс ауласында көмілген болуы мүмкін екенін жазған. Алайда бұл ақпаратты құзырлы органдар әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта жоғалған отбасының тағы екі мүшесі – 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпаратқа ғана сүйеніп, әлеуметтік желілерде расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға арыз түсіріп, ағасы мен оның отбасы мүшелерінің бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткенін хабарлаған. Осыған байланысты 5 желтоқсанда қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.