AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атырау облысында 7 тоннадан астам балық тәркіленді

Атырау облысында 7 тоннадан астам балық тәркіленді

Әлеумет 24.05.2023, 08:09 1,167
Атырау облысында 7 тоннадан астам балық тәркіленді
o-tendencii.com

Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре – 2023» кең ауқымды акциясы басталғаннан бері браконьерлерден 7,5 тоннадан астам балық тәркіленді. 


Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған акция 1 сәуірде басталған. Содан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары Шекара қызметінің және құқық, табиғат қорғау органдары қызметкерлерімен бірге заңсыз балық аулауға қатысты 754 деректі анықтады. Құқық бұзған 518 адам әкімшілік жауапқа тартылды.



«Браконьерлікке, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлерін заңсыз аулауға байланысты 28 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 11,1 млн теңгеге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 7 тонна 534 келі балық, оның ішінде 770,25 келі бекіре тұқымдас балық түрлері, 29,5 келі қара уылдырық алынды. Браконьерлерден 257 балық аулау құралы, 62 су көлігі мен 12 автомашина тәркіленді. Балық ресурстарына 400 млн теңгеден астам залал келтірілді», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.



Жайық өзенінің арнасы мен Каспий теңізінің акваториясындағы су айдындарынан жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын 663 заңсыз балық аулау құралы табылған.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау #броконерь #балықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);