Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Аты аңызға айналған

Аты аңызға айналған

Әлеумет 30.09.2024, 11:51 1,959
Аты аңызға айналған
ҰҚК Шекара қызметі
 

Осыдан тура 30 жыл бұрын, 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасында қазақстандық шекарашы Раджан Батырқанов ерлікпен қаза тапты. Шекараны бұзған содырлармен болған күші тең емес ұрыста командирі мен қаруластарының өмірін сақтап қалу үшін содырлардың оғын өзіне бұрған Раджанның ерлігі мәңгі ұмытылмайды.

Бүгінде кіші сержант Р.Батырқановтың есімін еншілеген шекара бөлімшесі жас шекарашы сарбаздарды батырлық пен патриоттыққа үндейтін тәрбие орталығына айналған. Өзі туған Қатонқарағайда көше мен мектептегі мүйіс батырдың есімімен аталады.

Ерлік жолы
1994 жылғы 28 қыркүйекте Хаким бандасының екі жүзден астам қарулы содыры 9 автокөлікпен Тәжікстанның Хорог қаласы маңындағы мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, Ауғанстанға өтуге бет алады. Олардың жолына 38 қазақстандық және ресейлік шекарашы тосқауыл болып тұрады.

Соғысқа бірінші болып кірген ресейлік офицер Константин Селюк пен Раджан Батырқанов қаруластарына моджахедтерге тылдан шабуылдауға мүмкіндік береді. Алайда ұрыста ауыр жарақат алған Раджан көп қан жоғалтып, есін жимастан қайтыс болды. Ұрыстың нәтижесінде моджахедтер жойылып, содырлардың кепіліндегі адамдар құтқарылды.


Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін кіші сержант Р.Батырқанов қаза тапқаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Бұл ерлік Отанды шексіз сүюдің жарқын үлгісі болып табылады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай батыр шекарашы Тәжікстан Республикасының жоғары наградасы І дәрежелі «Спитамен» орденінің иегері атанды.


2024 жылдың 28 қыркүйегінде еліміздің түкпір-түкпірінде шекарашы Р.Батырқановтың есімін ұлықтап, ерлігіне тағзым етуге арналған шаралар өтті. Солардың бірі ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған іс-шара болды. Шекарашы ардагерлер мен жеке құрам Мәңгілік алау басына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысының батырларына және Тәуелсіздік жылдары ерлікпен қаза тапқан шекарашылардың рухына тағзым жасады. Одан кейін №102 орта мектебінің оқушылары «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының қатарына кіру үшін ант қабылдады.


Бұдан былай №102 орта мектептің 7 «Ә» сыныбы Р.Батырқановтың есімімен аталатыны туралы хабарды департамент бастығының орынбасары полковник А.Мұналбаев мәңгілік алау басына жиналған көпшілікке жеткізді. Бұдан әрі жас патриоттар Армия үйіне барып, И.Панфилов мұражайын аралап көрді.

Иә, Отанға деген шынайы сүйіспеншілік шекарашыларымызды бейбіт күнде де ерлік істерге бастайды. ҰҚК Шекара қызметінің хас батырына айналған Раджан Батырқановтың ерлігі — сөзіміздің жарқын үлгісі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Раджан Батырқанов #ерлік #Отан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.