AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атом саласына маман даярлау: Қазақстан жастарға қа...

Атом саласына маман даярлау: Қазақстан жастарға қандай мүмкіндік ұсынып отыр?

Әлеумет 17.09.2026, 16:25 263
Атом саласына маман даярлау: Қазақстан жастарға қандай мүмкіндік ұсынып отыр?

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2000 жылдан бері ядролық және атом энергетикасы саласында 4,5 мыңнан астам маман даярланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі Қазақстандық қамту департаментінің директоры Данияр Жансейітов айтты. Оның айтуынша, салаға инженерлер, физиктер, энергетиктер, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары, ғалымдар мен құрылысшылар қажет.

«Қазір тиісті мамандар Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті және басқа да жоғары оқу орындарында даярланып жатыр. Сонымен қатар Ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталығы студенттер мен жас мамандардың практикалық тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Бұл базаларда ядролық және радиациялық қауіпсіздік, реакторлық технологиялар, бұзбай бақылау және радиациялық мониторинг бағыттарында зерттеу жобалары мен тағылымдамалар ұйымдастырылады», деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, кадр даярлау жүйесінде халықаралық тәжірибеге де мән берілмек. 2026 жылдан бастап атом саласының қызметкерлеріне арналған «Болашақ» бағдарламасының жеке санаты енгізіліп, жыл сайын 20 стипендия қарастырылған. Олар магистратура, докторантура және кәсіби тағылымдамаларға бағытталады. Бұдан бөлек, 2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша жалпы 635 стипендия және отандық ғалымдарға арналған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша 250 орын бөлінген.

«Атом саласына кадр даярлау жөніндегі кешенді жоспар аясында кәсіби стандарттарды жаңарту, білім беру бағдарламаларын саланың қажеттіліктері мен МАГАТЭ ұсынымдарына бейімдеу, шетелдік университеттермен қос дипломды бағдарламаларды дамыту және жастарға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын күшейту көзделіп отыр. Басты мақсат – мамандар санын көбейту ғана емес, білім, ғылым, өндірістік тәжірибе және халықаралық даярлықты біріктіретін ұзақ мерзімді кадрлық жүйе қалыптастыру», деді Данияр Жансейітов.

Еске сала кетейік, биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында жұмыс істейтін Мәскеу инженерлік-физикалық институты (МИФИ) Ұлттық зерттеу ядролық университеті атом саласының алғашқы мамандарын даярлап шығарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атом
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);