AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Атом энергетикасы экологиялық қауіпсіздіктің кепіл...

Атом энергетикасы экологиялық қауіпсіздіктің кепілі

АЭС: Референдум 18.09.2024, 19:12 1,194 Насурлла Бөртебаев, «Ядролық физика институты» РМК бас директорының кеңесшісі
Атом энергетикасы экологиялық қауіпсіздіктің кепілі
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Атом электр станцияларының (АЭС) тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты көптеген сұрақтар туындауда, бірақ бұл жерде әлемдік тәжірибеге назар аудару қажет.

АЭС күн мен жел электр станцияларына қарағанда тұрақты әрі сенімді энергия көзі болып табылады. Себебі, АЭС үзіліссіз жұмыс істеп, базалық қуатты тұрақты түрде қамтамасыз етеді, ал күн мен жел энергиясы ауа райы жағдайларына байланысты тұрақсыз болуы мүмкін.

АЭС-тің 3 және 3+ буын реакторлары заманауи қауіпсіздік технологияларының арқасында апат қаупін айтарлықтай азайтады. Бұл реакторлар толықтай жабық жүйелерде жұмыс істейді, сондықтан радиоактивті қалдықтардың сыртқа шығу ықтималдығы жоқ. Ғалымдардың пікірінше, бұл қалдықтар келесі буын реакторларында қайта өңделіп, толық жойылады, ал олардың қоршаған ортаға әсері мүлдем болмайды. Балқаш көлі мен оның айналасындағы экологияға да ешқандай зиян келмейді.

Мысал ретінде Германия мен Венгрияның электр энергиясын өндірудегі тәжірибесін келтіруге болады. Германияда 1 киловатт-сағатына электр энергиясының құны шамамен 0,5 евроны құраса, Венгрияда бұл көрсеткіш 0,1 евроға тең. Бұл айырмашылықтың негізгі себебі – Венгрия электр энергиясын АЭС-тен алса, Германияда энергияның көп бөлігі күн және жел электр станцияларынан келеді. Осы фактінің өзі-ақ АЭС-тің экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдей алады.

Атом энергетикасы – бұл тек экономикалық пайда ғана емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздіктің кепілі. Біз, Қазақстан, өзіміздің энергетикалық тәуелсіздігімізді қамтамасыз ету үшін және әлемдік озық тәжірибені қолдану үшін осы технологияға ден қоюымыз керек деп ойлаймын.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Насурлла Бөртебаев #ғалым #АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);