AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Атақты франциялық дзюдошы Қазақстанда жаттығып жат...

Атақты франциялық дзюдошы Қазақстанда жаттығып жатыр

Спорт 11.01.2023, 02:00 1,500
Атақты франциялық дзюдошы Қазақстанда жаттығып жатыр
Сурет: Inform.kz

Отандық дзюдошылардың шеберлігін шыңдау және тәжірибе алмасу мақсатында Тедди Ринер Қазақстанға келді.


Атақты франциялық дзюдошы, үш мәрте Олимпиада, 11 дүркін әлем және 5 рет Еуропа чемпионы атанған Тедди Ринер Қазақстанда жаттығып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, еліміздің ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары жаңа маусымға дайындықты бастады.


Жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиындарын қос құрама Алматы қаласы және Алматы облысында өткізуде. Бұл Франция дзюдо федерациясымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны болып саналады.


Отандық дзюдошылардың шеберлігін шыңдау және тәжірибе алмасу мақсатында Тедди Ринер Қазақстанға келді.


Алматы қаласындағы дзюдо академиясында ауыр салмақтағы татами шеберлері жаттығуда. Ал Алматы облысындағы «Жаңашар» олимпиадалық даярлау орталығында қалған салмақтағы 100-ге жуық спортшы шеберлігін шыңдауда.


Оқу-жаттығу жиынына 2022 жылғы ел чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталған құрама дзюдошылары шақырту алған.


Аталған жиын Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасының бас бапкерлері Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаев, сондай-ақ франциялық жаттықтырушы-кеңесшілер Ксавье Монденкс пен Стефан Трайноның жетекшілігімен өтуде.


Оқу-жаттығу жиыны 22 қаңтарға дейін жалғасады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемдік Masters турниріне Қазақстан атынан 12 дзюдошының қатысатынын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дзюдо #Француз #спортшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);