Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ата жолын қуса игі...

Ата жолын қуса игі...

Әлеумет 27.09.2024, 14:06 1,058
Ата жолын қуса игі...
Сурет: Gov.kz

Мемлекет басшысы биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

Дәстүр бойынша экономиканың көптеген салаларында өз отбасыларында кәсіби дағдыларды ұрпақтан-ұрпаққа беретін еңбек әулеттері қалыптасуда.

Республикамызда осындай жүздеген әулеттер бар, олардың ішіндегі ең ірілерінің жалпы еңбек өтілі 3,3 мың жылдан асқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

3,4,5 және одан да көп буын бойына ондаған мың еңбек сағаттарында жинақталған тәжірибені отандық мамандар жинақтап, өз ұрпағына аманаттайды. Қазақстанда өз өмірін белгілі бір кәсіпке арнаған әулеттерге ерекше құрметпен қарайды.

Мәселен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2016 жылдан бастап жыл сайын Еңбек күнін мерекелеуге және «Еңбек адамын» құрметтеуге орайластырылған «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді, ол нәтижелі еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттауға және жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.

Әр жылдары байқауда түрлі салалар мен кәсіпорындардың жұмыскерлері марапатталады.

Мысалы, 2022 жылы Тукубаевтар әулеті марапатталды – олардың жалпы еңбек өтілі 600 жылға жуық. Әулеттің негізін қалаушылар өткен ғасырдың 30-жылдарында теміржол саласында еңбек ете бастаған, олар Түркістан-Сібір магистралінің құрылысына қатысқан.

Өткен жылы тағы бір «теміржолшылар» әулеті – Амангелдиндер отбасы атап өтілді. 4 ұрпақ теміржолда жарты мың жылдан астам жұмыс тәжірибесін жинақтап, бірнеше рет түрлі кеңестік және қазақстандық наградалардың, ордендер мен медальдардың иегерлері атанды.

Тағы бір ерекше мысал – Құрманғалиевтер отбасы. Олардың еңбек әулеті марапаттау кезінде орман шаруашылығы саласында 458 жылға жуық еңбек өтілін «жинағаны» және төрт буында 25 өкілден тұратыны айтылды.

Сондай-ақ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да еңбек ете отырып, Павлодар облысында электр энергиясын өндірудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге 3 ұрпақ бойы атсалысып келе жатқан Сейтжановтар әулетін атап өтуге болады. Олардың жиынтық еңбек өтілі 200 жылға жуықтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек күні #мереке #жұмысшы мамандықтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.