AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Асық атудан Қазақстан кубогі басталды

Асық атудан Қазақстан кубогі басталды

Спорт 30.10.2023, 14:07 1,303
Асық атудан Қазақстан кубогі басталды
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Ақтөбе қаласында Асық атудан ересектер арасында Қазақстан кубогы басталды.


Ол 1 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 Астана, Шымкент, Ақтөбе қалалары мен Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған 100-ден аса спортшы сайысқа түседі. Ерлер – Асық атудан жарысса, әйелдер Бес асықтан бақ сынайды.



Дүбірлі доданың ашылу салтанаты ҚР Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтанов пен ҚР Асық ату федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржановтың қатысумен өтті.



 «Федерация ұлттық спортты дамытуға күш салып келеді. Жеке өз басым жаңадан сайланған басшы ретінде осы істі зерттеп-зерделеп, жан-жақты жұмыс жүргізуге кірісіп кеттім.  Алдағы уақытта, яғни биылғы жылдың соңына дейін және келесі жылы іске асыратын нақты жобаларымыз бар. Ал бүгінгі жарысқа қатысатын барлық спортшыға сәттілік тілеймін» - деп мәлімдеді Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтанов турнирдің ресми ашылуында сөйлеген сөзінде.



Қазақстан кубогындағы жеңімпаз командалар үшін қаржылай сыйақы қарастырылған.  


Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Туризм және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің кубогымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталады.


Қосымша ақпарат:


  «Асық ату» республикалық федерациясының президенті - отандық кәсіпкер Аслан Сұлтанов.   Федерация жетекшісі  болып 2023 жылдың тамыз айында сайланды.


ҚР «Асық ату» федерациясы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығына мүше. Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына 9, яғни  «Бәйге», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Дәстүрлі садақ ату», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Теңге ілу» және «Құсбегілік»  федерациялары кіреді.


ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті – танымал кәсіпкер, меценат Исламбек Салжанов.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асық ату #Қазақстан кубогі #ересектер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);