AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Асылжан Бектай ауыр атлетикадан Азия чемпионатында...

Асылжан Бектай ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын алды

Спорт 13.10.2022, 17:00 1,454
Асылжан Бектай ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын алды
Сурет: Ашық дереккөз

Қызылордалық спортшы жалпы есепте 362 келіні еңсерді


Қазақстандық зілтемірші Асылжан Бектай Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 89 келіге дейінгі салмақта топ жарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.


Қызылордалық спортшы жұлқа көтеруде 165 келімен күміс медаль алса, кейін 197 кг тасты серпе көтеріп, алтынға қол жеткізді. Жалпы есепте 362 келіні еңсерді.


Күмісті Асылжаннан небәрі бір келіге қалып кеткен қырғыз Эмиль Молдодосов (361 кг) жеңіп алса, қола ирандық Масуд Шатраиге бұйырды (358 кг).
Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Кирилл Староверкин жалпы есепте 330 келімен (153+177) 7-орынға тұрақтады.


Асылжан 2017 жылы Бангкокте (Тайланд) өткен ауыр атлетикадан 17 жасқа дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған.


Ол 2000 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 7 -сыныптан бастап ауыр атлетика секциясына қатысып келеді.
Бұған дейін жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан чемпионатының (2015, 2017 жылдары) және кубогының (2016 жылы) күміс жүлдесін иеленді.
Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Бапкері – Қалдыбай Тоқбаев.


Айта кетейік, осыған дейін Манамада Зульфия Чиншанло жеңімпаз атанып, Арли Чонтей қола жүлдеге ие болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыр атлетика #Асылжан Бектай #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);