AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Асуан Сиябеков: АЭС қауіпсіздігіне бүкіл әлем мүдд...

Асуан Сиябеков: АЭС қауіпсіздігіне бүкіл әлем мүдделі

АЭС: Референдум 08.09.2024, 10:21 1,827
Асуан Сиябеков: АЭС қауіпсіздігіне бүкіл әлем мүдделі
egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елдегі энергия тапшылығы мәселесіне кеңінен тоқталып, атом электр стансасының құрылысы бойынша жалпыұлттық референдумды 6 қазанға белгіледі. Осыған орай «Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас менеджері Асуан Сиябеков атом энергетикасының маңыздылығы мен қауіпсіздігі туралы ойларымен бөлісті.

Егер жалпыұлттық референдумда халық дұрыс таңдау жасаса, елге қай реакторлық технологияны орнату керектігін мұқият зерттеу қажет болады. Бастапқыда 13 реакторлық технология зерделенді, олардың ішінде Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, АҚШ және Франция ұсынған техникалық-коммерциялық нұсқалар бар. Қазақстанға қысымдағы су реакторлары қолайлы деп танылды. Әлемде 415 реактордың 200-і осындай су-су немесе қысымдағы су реакторлары болып табылады.

МАГАТЭ (Атом энергиясын қадағалау агенттігі) жаңадан АЭС салатын мемлекеттерге тиімді жобаларды ұсынады. Біз 13 технологияны қарастырып, қауіпсіздік пен нормативтік құжаттар негізінде 4 реакторды іріктеп алдық. Олардың барлығы техникалық және қауіпсіздік талаптарына сай.

Франция қысымдағы су технологиясын 50-жылдардан бері қолданады, ал Оңтүстік Кореяның технологиясы америкалық үлгіге негізделген. Бұл елдерде технологиялар қауіпсіздігі жоғары деңгейде дәлелденген. Сонымен қатар, Қытай да осы технологияны дамытып, оны өз елінде және шетелде қолданады. Ресейдің «Росатом» компаниясы атом энергетикасының барлық өмірлік циклін қамтитын кешенді шешімдерді ұсынады.

Елімізде мамандарды даярлау жолға қойылғанымен, әрбір реактордың өзіндік ерекшелігі бар. Сол себепті, реакторлық технологияларды жасаған елде тәжірибеден өту маңызды. АЭС құрылысы кезінде жемқорлық мәселесі алаңдатады, бірақ халықаралық ұйымдар мен МАГАТЭ тарапынан барлық кезеңдер қатаң бақылауда болады.

АЭС құрылысы тек энергия көзі ғана емес, жаңа жұмыс орындары ашылып, ғылыми зерттеулерге мүмкіндік береді. Атом энергетикасы еліміз үшін маңызды қадам болмақ

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#атом электр стансасы #Асуан Сиябеков #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);