ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Астанаға бүкіл әлемнен 400-ден аса спортшы келеді

Астанаға бүкіл әлемнен 400-ден аса спортшы келеді

Спорт 01.06.2023, 09:50 1,647
Астанаға бүкіл әлемнен 400-ден аса спортшы келеді
Сурет: ашық дереккөз
Қазақстанда дзюдодан әлемдік беделді жарыстардың бірі – «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанда дзюдодан әлемдік беделді жарыстардың бірі – «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Турнир елордада 16–18 маусым аралығында «Барыс Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. 


Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен енгізілген бұл жарысқа барлығы 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Қатысушылардың қатарында Олимпиада ойындары, әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.


Бұл әлемдік дода барлық дзюдошылар үшін 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға жақсы мүмкіндік. Сонымен қатар, «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирі аяқталғаннан кейін елімізде дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу лагері тұрақты негізде өткізілетін болады.


Дзюдодан Қазақстан құрамасы IJF Grand Slam жарыстарында осы уақытқа дейін 7 алтын, 14 күміс және 36 қола медаль еншілеген. Қазір республика бойынша дзюдошылар саны 90 мыңға жетті. Бапкерлер саны – 1304 адам. 


 Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың ақпан айында Қазақстан дзюдо федерациясы елімізде Grand Slam әлемдік турнирін өткізу үшін Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.


 Grand Slam (Үлкен дулыға) – халықаралық жарыс күнтізбесі бойынша IJF World Tour аясында өткізілетін әлемдік жарыстар сериясы. IJF ережелері бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, 1 орын үшін 1000 ұпай, 2 орын үшін – 700 ұпай, 3 орын үшін – 500 ұпай есептеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.