ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Астанадағы Діндер съезінде Гиннес рекорды орнатылм...

Астанадағы Діндер съезінде Гиннес рекорды орнатылмақ

Әлем 28.08.2022, 09:05 1,328
Астанадағы Діндер съезінде Гиннес рекорды орнатылмақ
Сурет: Cnews.ru
Қазақстан Гиннес рекордын орнатуды жоспарлап отыр. Танымал продюссер Дәуіт Шайхисламов түрлі ұлт өкілдерінен тұратын ең үлкен оркестр құрмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме...

Қазақстан Гиннес рекордын орнатуды жоспарлап отыр. Танымал продюссер Дәуіт Шайхисламов түрлі ұлт өкілдерінен тұратын ең үлкен оркестр құрмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


«Бұған дейінгі «Әлем картинасы» жобасы мені шабыттандырды десем де болады. Материалдық емес рухани жағын айтып тұрмын. Мейірімділіктің мол энергиясын алған кезде сол энергияны өзгелермен де бөліскің келіп тұрады. Жаңа жоба идеясы біраздан бері пісіп жетілген еді. Дегенмен, оның басталуына қыркүйек айының ортасында Қазақстан елордасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетіндігі туралы хабар түрткі болды. Осынау жаһандық оқиғаға Рим Папасының келетіндігі де жоспарланған. Қазақстанның бас қаласына ғаламшардың барлық түкпірінен түрлі конфесссия өкілдері келген кезде оларды көпұлтты оркестрдің қарсы алуының символдық мәні бар», - деді Дәуіт Шайхисламов.


Оның айтуынша, «Әлем музыкасы» деп аталатын жоба аясында бір сахнада түрлі халық пен ұлттық ең көп өкілі бас қосып, музыкалық шығарма орындайды. Осылайша, ең көпұлтты оркестр ретінде Гиннестің рекордтар кітабына ену көзделген. Қазіргі уақытта музыканттар worldrecord.kz жобасының ресми парақшасына өтінім қалдырып жатыр.


Дәуіт Шайхисламовтың сөзіне қарағанда, музыканттардың қандай шығарма орындайтынына қатысты алдын ала уағдаластық бар. Іс-шара 6 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында өтетін болады.


«Әзірше қанша адам қатысатындығын айтпаймын. Өйткені, рекордтың әсері болмай қалады. Яғни, соңына дейін, Гиннес рекордтар кітабы өкілі қатысушылардың нақты санын айтқанша құпия ұстаймыз», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.