AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Астанада волейболдан Қарулы күштер чемпионаты аяқт...

Астанада волейболдан Қарулы күштер чемпионаты аяқталды

Спорт 24.07.2023, 14:07 1,217
Астанада волейболдан Қарулы күштер чемпионаты аяқталды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Әскери-қолданбалы және ойын спорт түрлерінен Қарулы күштердің XX Спартакиадасы шеңберінде волейболдан Қарулы күштердің чемпионаты қорытындыланды.


Жарыс Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы елордалық әскери колледжде өтті. Ақтық ойын Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомство ақпаратына сүйенсек, тартысты жарысқа 14 команда құрамында 150-ден астам әскери қызметші қатысты.


Волейболшыларды чемпионаттың аяқталуымен Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы – ОСК бастығы подполковник Арман Әбеуов құттықтады.



– Волейболда, әскердегідей, командалық рухқа, үйлесімділікке және нәтижеге назар аудару аса маңызды. Жарысқа қатысушылар жанкүйерлерді тамаша техника мен жоғары спорттық шеберліктерін көрсете отырып, қызық сәттермен қуантты, – деді ол.



Жарыс қорытындысы бойынша Әуе қорғанысы күштерінің волейбол командасы үздік деп танылды. Екінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы, үшінші орын – «Оңтүстік» ӨңҚ бұйырды.


Жарысты ұйымдастырушылар бес номинация бойынша үздіктерді марапаттады. Атап айтқанда, «Үздік шабуылдаушы» және «Үздік байланыстырушы» мерзімді қызметтегі сарбаздар Досымжан Әбілаш пен Адал Бекмұрзаев (Десанттық-шабуылдау әскерлері), «Үздік ойыншы» – 3-сыныпты сержант Марат Ибраимов («Шығыс» ӨңҚ), «Үздік қорғаушы» – подполковник Ришат Зұлпықаров (Әуе қорғанысы күштері),«Үздік либеро ойыншы» – лейтенант Жасур Бабақанов (ӘШҚҚ әскерлері).


Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері командалық кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#волейбол #чемпионат #Қарулы күштер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);