Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Астанада қытай мәдени орталығы және Бейжіңде қазақ...

Астанада қытай мәдени орталығы және Бейжіңде қазақ мәдени орталығын ашылады

Әлеумет 04.07.2024, 15:14 901
Астанада қытай мәдени орталығы және Бейжіңде қазақ мәдени орталығын ашылады
Kazinform

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанадағы ШЫҰ саммитінің нәтижелері бойынша ақпарат және мәдениет саласында қандай уағдаластықтар орнағанын айтып берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Мұнда екі аспектіні қарастыру керек. Біріншісі – Қытай Халық Республикасының көшбасшысы Си Цзиньпиннің сапары. Оның мемлекеттік сапары аясында мәдени-гуманитарлық бағыт бойынша келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, Астанада қытай мәдени орталығын және Бейжіңде – қазақ мәдени орталығын ашамыз. Заң қазірдің өзінде ратификацияланған және іске кірісе аламыз. Бұл Қазақстан-Қытай қатынастары тарихында тұңғыш рет болып отыр. Алғаш рет мұндай ынтымақтастық институционалды түрде жүзеге асырылуда және әрине, бұл мәдени орталықтар екі ел халықтарының бір-бірімен жақынырақ танысуына ықпал етеді», - деді министр Silk way телеарнасына берген сұхбатында.

Балаева
Оның айтуынша, Бейжіңдегі мәдени орталық халық көп жүретін туристік орын – Арбат маңында орналасқан. Мәдени орталықтардың қызметі аясында әдеби сала, концерттік қызмет және бейнелеу өнері сынды мәселелердің барлық спектрі қамтылады.
Балаева
Ақпарат және кино өнері саласындағы келісімдер жақын арада нақты жобалар түрінде өз нәтижелерін береді.

«Сондықтан ШЫҰ-ға төрағалық ету және тұтастай алғанда ШЫҰ ұйымына кіретін елдердің өзара іс-қимылы бірқатар мәселені шешуге ықпал етеді. Атап айтқанда, біздің министрлік серіктестермен өте тығыз қарым-қатынаста және біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына ықпал ететін бірлескен жобалар пайда болуда. Кеше біздің көшбасшыларымыз Қытай мен Қазақстанның өзара іс-қимылы жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін, бұл біздің елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа дәуірі екенін растады. Сондықтан бәрі, ең алдымен, мемлекеттік органдардың қалай жұмыс істейтініне және қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және тереңдетуге ықпал ететініне байланысты», - деп толықтырды сөзін А. Балаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бейжің #Қазақ мәдени орталығы #Қытай мәдени орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.